Қазақ тілінен сабақ жоспары: 41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаян жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
- болған оқиғаны сипаттап өмірбаян жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж) «Карусель» жаттығуы
Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, «бұрыш» сөзін ауыспалы, тура мағынада мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп айтуын сұрайды. Келесі оқушы сол сөздермен сөйлем құрап айтуына болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып отырады. Мысалы:
• Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?Мысалдар келтіріп, дәлелде.
• Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысалдар келтіріп, дәлелде.
• Олардың айырмашылығы қандай?
Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.
Қолдарына сөздер жазылған карточкалар таратып үш топқа бөлу: түбір, жұрнақ, жалғау
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
3.3.6.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Ее ЕЕЕ еее Ескендір ескек есім еңселі егеменді елтаңба елгезек
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
3.3.6.1, 3.3.2.1 (Т,Ж;МК; Т) 15-жаттығу. Мәтінді рөльге бөліп оқы.
Оқушылар тыңдарманның назарын өздеріне аударып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. Ден қояды сөзінің мағынасы ашылады.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
Ден қою- назар аудару
• Мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын біле алдың ба?
• Бекжанның өмірбаяның білу үшін сендер қандай сұрақ қояр едіңдер?
• Сұрақ қою үшін төмендегі ақпаратпен таныс.
Ақпаратты оқы. Қандай түсінік алдың?
Өмірбаян – дегеніміз адамдардың өмірі туралы әңгіме. Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Өмірбаян адамның туған жылы, айы, күнінен басталады. Одан кейін тұрған мекенжайы, отбасында қанша адам тұратыны баяндалады.
Оқушылар мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын қаншалықты білгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Сұрақ дайындау үшін оқулықтағы жаңа ақпарат оқытылып, талдау жасалады.
Бекжанның өмірбаянын білу үшін өздері қандай сұрақтар қоятынын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. А4қағазға жазады. Ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялап іледі.
Өмірбаян құрылымын талдау.
Өмірбаян құрылымын талдауда төмендегі қадамдар ескеріледі:
1) өмірбаянның жеке адамның атынан жазылатыны;
3) қай жақтан берілетіні;
2) хронологиялық даталардың болуы.
Оқушылар өмірбаян құрылымын басшылыққа ала отырып, өз өмірбаянын дәптерге жазады.
Топтағы оқушыларға өмірбаян құрылымын сақтап, өз өмірбаянын жазу ұсынылады. Мұғалімнің басшылығымен өз жұмысын тексеріп, қатемен жұмыс жасайды.
Сөздерді салыстырып, мағынасындағы өзгерісті байқату.
• Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін салыстыр. Оларың мағынасындағы өзгерісті байқа.
• Өз өмірбаяныңды жаз.
• Туған-туысқандарыңды қалай жақсы көресің?
• Сезіміңді қалай білдіресің?Ым-ишара арқылы көрсет.
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасау туралы түсінік қалыптасады. Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін сөз құрамына талдайды.
Ым-ишара арқылы сезімін білдіру.
Туған-туысқандарын қалай жақсы көретінін, сезімдерін қалай білдіретіндерін ым-ишара арқылы көрсетеді.
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді рөльге бөліп оқиды;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
- бір-біріне сұрақ қояды;
- сөз мағынасын ажыратады;
- сөздерді сөз құрамына талдайды.
- өмірбаянын жазады;
Сергіту сәті. Дене шынықтыру жаттығулары жасалады.
3.4.2.1 Шығармашылық үзіліс 17-жаттығу. Ойлан, тап!
Сұрақтың жауабын сөздіктен біліп ал.
Оқулықта берілген тапсырманы оқиды. Берілген сұрақ бойынша іздену жұмысын жүргізеді. Сұрақтың жауабын сөздіктен қарап анықтайды.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
Қозы жасы- ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған.
Бағалау дескрипторы:
- сұрақ бойынша іздену жұмысын жүргізеді;
- сөздің мағынасын түсінеді;
3.4.2.1 (Ө, Ж, Ж.) Кестемен жұмыс. Берілген сөздерді сәйкестендір.
Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Содан соң жұпта тексеріп, бір-бірінің қатесін дұрыстап, түзетеді.
кітап кер
ғарыш ші
талап хана
қорғау гер
күйші лық
оқу кер
дәрі шы
ұста хана
Бағалау дескрипторы:
- негізгі түбірге жұрнақтар жалғайды;
- туынды сөз жасайды;
- түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады;
3.4.2.1 (Ж, Ж) Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Жұпта талқылап болған соң ортада қорғайды.
Құрақ, құрақтар, күйші, күйшінің, оқушы, оқушыға, теңізшіні, теңізшілер, теңізден, кітаптар, қобызшылар, ауылдарға, үйге, өнерлі.
Қабілеті жоғары оқушыларға өздері қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жазу тапсырылады.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады;
- сөйлем құрастырып жазады;....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №127 Сөз және оның құрамы (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 89 сабақ Негізгі және туынды етістік (3 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз: