Қазақ тілінен сабақ жоспары: 39-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 39-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 39-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады және оларды орнымен қолдана біледі;
- мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды
анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Достармен кездесу уақыты» әдісі
Мұғалім оқушыларға осындай үлгідегі кеспе қағаз үлестіреді. Әр оқушы өзіне достар жинайды. Сағаттың кездесу уақытының тұсына оқушы аттарын жазады. 3 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, уақыттары сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.(МК,Ө) «Бір қадам алға жылжы» әдісі.
Мұғалім сынып бөлмесіне кіргеннен бастап, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Ал оқушылар жауап беріп отырады. Егер оқушы жауабы дұрыс болмаса мұғалім артқа шегінеді. Осылайша оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, зейінін шоғырландырады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.
Өзара бағалау
ІІ. Негізгі бөлім
3.3.6.1. (МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Әә ӘӘӘ әәә Әскербектің әтеші әдемі де, әсем.
3.2.2.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Оқылым. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады: (сағат)
• Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудар. Бұл сөздер нені білдіреді.
• Тіл сөзі қандай мағыналарда қолданылады? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі т. б), (тіл-дене мүшесі)
• Сағат не үшін керек?
• Суреттегі сағаттарға қара. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап көр.
Отбасы мүшелері қай сағат түрін пайдаланады? Сен өзің қай сағат түрін қолданасың?
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап, ой тұжырым жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- жұмбақты оқып, шешуін табады;
- сағаттың шығу тарихын болжайды; - сөздердің қандай мағынада қолданылатынын біледі.
3.2.4.1 (Ө, Т, Ж, қ) Сағаттың шығу тарихын білесің бе?
«Сағаттың шығу тарихын білесің бе?» туралы бейнематериалды көру. Оқушылар «Достармен кездесу уақыты» әдісі бойынша топқа біріктіріледі. Негізгі ойды анықтайды.
Қосымша 2. Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, сағат түрлері, олардың ерекшеліктерімен танысады.
1-топ: «Астанадағы күн сағаты»
2-топ: «Құм сағаты»
3-топ: «Су сағаты»
4-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»
Бағалау дескрипторы:
- жаңа маңызды мәліметтермен танысады;
- әрбір сәтті мәнді өткізу керек екендігін түсінеді;
- сағат түрлеріне қызықты жарнама жасау;
- бейнематериалдағы негізгі ойды анықтайды.
3.2.2.1 (Ө; Т, Ж) 10-жаттығу. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жаз.
Тапсырманы оқиды. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жазады. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
• Берілген сөздер тобында алтын сөзі қандай мағынада қолданылып тұр деп ойлайсың?
• Алтын уақыт деп неліктен айтады?
• Өзің уақытты қалай пайдаланасың? Осы сұрақтың жауабын топта талқылауға қатыс.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. «Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді, талқылайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- уақытты тиімді пайдалану керектігін түсінеді.
Сергіту сәті. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.
Айтылған іс әрекетті белгілі уақыт ішінде орындап болу ұсынылады.
3.2.2.1 (Ө; Ж, Ж) Шығармашылық үзіліс. «Сөздерді сәйкестендір!»
№2 жұмыс парағы .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу Еліміздегі ерекше көпірлер Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 39-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 39-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]