Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: 3-бөлім: Уақыт
Тақырыбы: №13-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу)
3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• сөйлемнен бастауыш пен бандауышты ажыратады
• үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Оқушылардың көбі жасай алады:

• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекетін баяндалған өмірбаянын жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• мәтіндердің стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі,
• сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• болған оқиғаны сипаттап жаза алады
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: 3.2.6.1
Миға шабуыл (Т.)
Оқушылар бір, екі деп санау арқылы екі топқа біріктіріп алынады.
Бірінші топ «Ия», екінші топ «Жоқ» сөзін қолдану арқылы дәлеледемелер келтіру қажет
«Хронологиялық даталары бар мәтін түрлері бола ма?» сұрағына
Ия, себебі..., мысалы....
Жоқ, себебі,... мысалы, .... бағытын сақтап жауап беру.
Бүгінгі өтетін мақсатымыз: Мәтіндерді стиліне қарай салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Тақырып: «Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын»
Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
1-тапсырма «Бірлесіп оқу» стратегиясы
3.2.6.1 (Т.Қ) Ойды тексеру. Екі мәтінді салыстыру.
Екі мәтіннің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Топтың қорытындысын таныстыру.
Ұтымды жауап Өмірбаян
Ұтымды жауап
Болашақ суретші сегіз жасынан бастап ауылдың қойы мен сиырын бақты.Ол жан-жануарлардың, өсімдіктер мен ағаштардың түрі мен түсін танып өсті.Қойшы бала қойын жусатып тастап,өзен жағалап,тау аралап кететін.Тастан мүсіндер жасайды, тасқа түрлі суреттер салады.
Талабы таудай бала бір күні:«13 жыл қой бақтым. Енді оқимын, таяқ қуат болса да,мұрат емес»,-деп ақ таяғын лақтырып тастап, Жаркентке жаяу кетеді.
Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын-тебен табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алатын.Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде, оқу іздеп Алматыға жол тартады.Оның небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Николай Гаврилович Хлудовқа салған суреттерін көрсеткенде, ол қазақтың қара домалақ баласы мұндай өнерден хабары бар екеніне қайран қалыпты. Сурет салуды қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан
Анамның киізінен,
Ешкімнің мүйізінен», - деп жауап берген екен.
Өмірбаян
Мен, Әбілхан Қастеев, 1904 жылы Алматы облысының Жаркент өңіріндегі Шежін аулында дүниеге келдім. Әкем – малшы. Шешем – кілем, алаша, бау-басқұр тоқыған, сырмақ сырған шеберадам.
Еңбек жолымды 1928 жылдары Түрксібте қара жұмыстан бастадым. Жас кезімнен білімге құштар болып, өз бетіммен арабша, кейіннен латынша оқу- жазуды үйрендім. 25жасымда Алматыға келіп, өзімнен кіші балалармен ересектерге арналған кешкі мектепте оқыдым. Мектеп директоры менің бейнелеу сабағына көбірек қызығатынымды байқап, жас суретші Николай Хлудовқа таныстырды. Оның студиясында1929-1932 жылдары оқыдым. Содан кейін білімімді 1934-1937 жылдары Мәскеудегі Крупская атындағы көркем сурет студиясында жалғастырдым. Менің 1932 жылы «Түрксіб», 1937 жылы «Жамбыл портреті» 1945 жылы «Жас Абай» атты өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген шығармаларым дүниеге келді. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алдым. 1945-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқардым. Өнерден бөлек оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен деайналыстым.
-Мәтінде кім туралы айтылған?
-Мәтіндердің ұқсастықтары қандай?
-Мәтіндердің айырмашылығы қандай?
-Мәтін кімнің атынан айтылып тұр?(нешінші жақта)
-Мәтіннің берілу формасы қалай жасалған?
-Мәтіннің сюжеті қалай жазылған?
Бағалау дескриптор:
-Екі мәтінді салыстырады
-Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
Қ.Б: топтар бір-біріне бас бармақ әдісі арқылы кері байланыс береді
Саралау тәсілі: кейбір оқушылардың күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуы сараланады
Ережемен жұмыс
М.К Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-)қойылады:
Әмір – күйші. Алматы – сәулетті қала.
Баяндауыштар негізінен етістіктерден жасалады.
Мысалы: Асан сабақты жақсы оқиды. Асхат өзенге барады.
3.3.7.2, 3.3.6.1 2-тапсырма ( МК.Ө) Көркем жазу
Өмірбаяндағы қарамен жазылған сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын анықтау.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін тұжырымдау.
Сөйлемдерді көркем көшіріп жазу, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.
Әкем – малшы. Шешем – кілем, алаша, бау-басқұр тоқыған, сырмақ сырған шебер адам.
Бағалау дескриптор:
-көркем жазады
-бастауышты тауып, астын сызады
-баяндауышты тауып, астын сызады
Қ.Б:«Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру
Саралау: Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Сергіту сәті
«Ақындар мен жазушылар» әдісі
3.2.6.1 3-тапсырма «Әдебиет лотосы» (Ж.Ж). Дереккөздерден қазақстандық танымал тұлғалардың өмірбаянын оқу және талдау.Кездесетін жаңа сөздерді, маңызды тұстарды анықтау, солардың көмегімен хронологиялық кесте құрастыру.
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962–1971 жылдары «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1981 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983–1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, 1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 89 сабақ Негізгі және туынды етістік (3 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: