Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 8-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Оқу мақсаты: 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
Оқушылардың көбі:
- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
Оқушылардың кейбірі:
- бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды,түрлі жағдаяттарда жүйелі,сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ жасыру
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)
(Ұ)«Венн диаграммасын» толтыру.
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Венн диаграммасын интерактивті тақтада толтырып, ой қорыту жасау.
Оқушылар бастауыш пен баяндауыштың өзара айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін жазады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
3.4.2.7 (М,К)
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қойыңдар. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын салыстырыңдар. Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аударыңдар. Сонда не байқадыңдар? Оқушылар топта талқылайды.
Әмина – биші.
Серік – оқушы.
Шортан – балық.
Алмұрт – жеміс.
Әмина биледі.
Серік оқыды.
Балық шоршиды.
Алмұрт пісті.
Ереже.
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады: Дина – күйші. Астана – әдемі қала.
3.3.6.1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Зат есімдерден болған баяндауыштардың астын сызыңдар. Оларға қандай сұрақ қойылады?
Бердібек Соқпақбаев – жазушы. Роза Рымбаева – халық әншісі.
3.3.6.1(Ө,Ж) Мақалдарды түсініп оқы. Бастауыштары мен баяндауыштарын тап. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жаз. Өз жұбымен салыстырып, тексер.
1. Нан, тамақтың атасы
Ынтымақ, көптің батасы.
2. Денсаулық, зор байлық.
3. Кітап, алтын қазына.
Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да,
Емін-еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Дөңгеленіп зырласын.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша нені білдіреді?
- Қалай ойлайсыңдар, екі бастауыштың арасына сызықша қойыла ма?
- Кез келген сөйлемді бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойып, айналдыруға бола ма?
(Т) Берілген сұрақтарды топта талқылап, өз ойымен бөлісу.
«Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Өз уақытын қалай пайдаланатыны туралы топта айтып, талқылайды.
3.4.2.7 (Ұ) Уақыт туралы нақыл сөздер. Мағынасына талдау жасау. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.
Әр күнің – жаңа өмір. (күн, өмір – бастауыш)
Уақыт – керемет ұстаз. (уақыт, ұстаз – бастауыш)
Уақыт – алақанымызға құйып алған су. Бар кезінде шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.(уақыт, су – бастауыш).
(Ө,Т) Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазыңдар. Сызбалар бойынша сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топта айтыңдар.
Астанадағы «Күн сағаты»
Астана қаласының «Студенттер» саябағында Елорданың 15 жылдығына орай күн сағаты орналастырылды. Сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы – сәулетші Антон Максимов.
Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған. Бұл сағат циферблатының ортасындағы металдан жасалған тіл дәл уақытты көрсетеді.
Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін тілден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18:00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.
Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған. Мұнда отырып, 10 метрлік тілдің көлеңкесі қалай жылдам ауысқанын, осылайша, күндеріміздің қалай ғана жылдам сырғып бара жатқанын анық бақылауға болады. Бұл өміріміздің әрбір сәтін мәнді өткізу керек екендігіне үндейді.
(Ұ) Мәтінмен жұмыс.
1. Қарамен жазылған сөйлемдердегі сөздердің арасына сызықшаны қойылу себебін түсіндір.
2. «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
3.1.3.1 (Ж) Оқушылар жұптасып сұхбат құрастырады: біреуі - Астана қаласына саяхатқа келген турист, екіншісі – гид.
Бағалау критерийлері:
- сұхбат барысында сөйлемдерінің өз рөлдеріне сәйкес болуы;
- мәтінде берілген негізгі ақпаратты сақтауы;
- диалог барысында сөйлеу әдебін сақтау.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 8-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 8-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]