Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы
Оқу мақсаты: 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру;
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіруді үйренеді;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді.
Оқушылардың көбі:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын сұрақтарға сүйене отырып білдіреді;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді және негіздейді;
- кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Апталық тілек» ойыны. Оқушылардың қолдарына аптаның күндері жазылған парақ таратылу керек. Ол параққа өздеріне әр күнге бір сөзбен тілектерін жазады.
(Ж) «Уақыт бірлігін өсу ретімен орналастыр»
Ай, секунд, апта, минут, сағат, ғасыр, жыл, тәулік, мыңжылдық сөздері жазылған жұмыс парағын әр оқушы толтырады. Оқушылар жұптасып, тапсырманың дұрыстығын тақтада берілген дұрыс жауаппен салыстырады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(Ұ, Ж) «Жұбыңды тап» ойынына қатысу. Берілген сөздің жұбын табу. Өз жауаптарын дәлелдеу.
Алдын ала сөздер жазылған қима қағаздар дайындалады: «түнеугүні», «алдыңғы күні», «кеше», «бүгін», «ертең», «арғы күні», «дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «жұма», «сенбі», «жексенбі», «қас қағым сәт», «1 секунд», «сүт пісірім уақыт» ,
«5-10 минут», «ет пісірім уақыт», «2-2,5 сағат», «сәске», «күннің бойы көтерілген мезгіл», «екінті», «күн батуға жақындаған мезгіл», «ақшам», «күн батып, шам жағар мезгіл», «биыл», «осы жылы», «былтырғы (өткен) жылы», «1 жыл бұрын», «бұрнағы жылы», «2 жыл бұрын», «одан арғы жылы»,
«3 жыл бұрын», «бұрынғы жылдар», «бірнеше жыл бұрынғы жылдар». Сөз жұптарының дұрыс сәйкестендірілуі қадағаланады.
3.3.6.1 (Ұ,Ө,Қ) «Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыру және жазу. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
Мұғалім үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазу қажеттілігін ескертіп, үлгісін көрсетеді.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 37-сабақ Дыбыстардың үндесуі (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 38-сабақ Дыбыстардың үндесуі (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақытыңды бағала (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: