Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес) (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес) (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 3.4.2.1 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз (түрлері қарастырылмайды) мүшелерін ажырату
3.4.2.2 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Сабақ мақсаты: Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқу­
шыларға Ұлы Жібек жолы жайында мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер мен жалаң, жайылма сөйлемдерді меңгерту.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін анықтап, психологиялық ахуалды реттеу.
(Т,Қ)Үй жұмысын тексеру арқылы оқушыларды топқа бөлу
Мақсаты:Өткенді қайталап, Отырар қаласы жайлы білімдерін тексеру.
Тапсырма:Сөздерді оқыңдар.Дұрыс сөйлем шығатындай етіп, орындарыңды тауып тұрыңдар.
Оқушыларға Отырар қаласы жайлы 5 сөйлемнің сөздері жазылған қима қағаздары беріледі.Оқушылар қима қағазда жазылған сөзді оқиды, дұрыс сөйлем құрастырып, тұрады.Әр топ өз сөйлемін оқиды. Қалған топтар сөйлемнің дұрыс құрылуын тексереді.Қосымша сұрақтар қояды, жауап береді.
Мысалы:
1.Отырар қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі.
2.Қасиетті Отырар қаласында Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген.
3.Отырар қаласының алғашқы атауы Фараб болған.
(Ұ,Ө)Тыңдалым.Есте сақтау диктанты.
Мақсаты:Өткенді қайталап, сабақтың тақырыбын ашу.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тапсырма:Сөздерді мұқият тыңдап, есте сақтаңдар.Айтылған сөздерді жазыңдар.
Сөздер: Түркістан, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сарайшық.
Диктанттан кейінгі жұмыс:
Сөздер тақтаға шығарылады. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бір-бірін дескрипторлар арқылы тексереді. Санын тексеру, қала атауларының жазылуын тексеру және бағалау.
Дескрипторлар Балл Балл
1- сөзді дұрыс жазды/ Түркістан 1
2- сөзді дұрыс жазды / Тараз 1
3-сөзді дұрыс жазды / Отырар 1
4-сөзді дұрыс жазды / Сайрам 1
5-сөзді дұрыс жазды / Сауран 1
6-сөзді дұрыс жазды / Сарайшық 1
Максималды балл 6
-Балалар, бұл қалалардың барлығын байланыстыратын бір ортақ белгісі бар. Оны тапсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Ол не?
/Ұлы Жібек жолында орналасқаны/
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийлері анықталады.
-Сабақ тақырыбы мен мақсатқа назар аударып, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз, не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тақтаға бағалау критерийлер ретінде жазу.
-Балалар, осы аталған критерийлерге сабақтың соңында ораламыз.
(МК, Т)Тыңдалымалды тапсырмасы
«Суреттер сыр шертеді» стратегиясы
Мақсаты:Сурет бойынша Ұлы Жібек жолы туралы мағлұмат жинақтау арқылы оқушылардың алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Әр топқа суреттер ұсынылады.Оқушылар топта отырып, білімдеріне сүйеніп, Ұлы Жібек жолы жайлы түсініктерін 1-2 сөйлеммен айтады.
(Ө,Ұ)Тыңдалым мәтіні
Мақсаты:Мәтінді тыңдау арқылы Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат жинақтау.
Тыңдалым мәтіні 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімді тыңдап болған соң оқушылар төменде берілген «Дұрыс/бұрыс» кестесін толтырады.Кестені толтыруға 2 минут уақыт беріледі.
(Ө,Ж)Тыңдалым тапсырмасы «Дұрыс/бұрыс» әдісі
Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма:Мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың қайсысы дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
Тыңдалым аяқталып, оқушылар тапсырманы орындап болған соң, кестелерін топта отырып шеңбер бойымен жібереді. Бір-бірінің кестелерін тақтаға шығарылған нұсқамен тексереді және бір-бірін бағалайды.Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріп, максималды балл санын санайды да кестенің төменгі жағына жазады........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]