Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз. Адам досымен мықты.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Сабақ мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты ОМ таныстыру
• мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдаймыз;
• көркем жазуды үйренеміз.
(Ж) Ойымызбен бөлісейік
Сен достарыңа қай кезде көмектесесің?
Достарың көмегіңді қалай қабылдайды? Олар саған көмектесе ме?
Оқиық!
Қарамен берілген сөз тіркестерінің мағынасын анықта. Оларды мағынасы жуық сөздермен алмастырып көр.
Ақселеудің бойынан қандай қасиеттерді байқадың?
Егер Ақселеу қашып, Абыз қалса, оқиға қалай өрбір еді? Сен Ақселеудің орнында болсаң, не істер едің? Ақселеу сөзіне «бес жолды өлең» құрастырып жаз.
Сахналайық Әңгіме бойынша сахналық қойылым көрсетуге дайындалыңдар. Кейіпкердің сезімін көрсетуге тырысыңдар.
Тапсырма негіздемесі. Рөлдік ойынға түсуді үйренеді. Мақсатқа сай сөйлеу үшін қажетті тілдік норманы пайдалануға дағдыланады.
(Т)оппен жұмыс жүргізеді.
Оқушылар рөлдік ойын ойнайды. Сыныптан бірнеше оқушы сарапшы рөліне еніп, топтың жұмысын бақылап отырады. Тапсыраманың соңында сарапшы пікірі, бағалауы тыңдалады. Кейіпкерлердің рөлін сомдауда сахнаны дайындау да оқушыларға қызығырақ болады. Әр топтан 3 бала сахналауға дайындалып жатқанда, қалған топ мүшелері сахнаның көркемдік жағын ойластырып жасайды.. Мәселен, біреу ағаштың суреті, келесі топ иттің суреті, үшіншісі Ақселеу ұстайтын шыбықты дайындайды. Бұл жерде топқа бөлінбей балалар қабілеттеріне қарай бірге жұмыс істеулеріне болады.
Сабақ басында топ оқушылары әңгімені сахналауға, сахна артын безендіруге дайындалады. Кейіпкердің сезімін көрсетуге талпынады. Соңында 2 тілек, 1 ұсыныс айтады.
Жазайық
Мәтіндегі негізгі ой тұжырымдалған бөлікті тауып оқы. Оны жаттап ал.
Дәптеріңе жатқа жаз. Қатесін тексер
Суреттерді сөздермен алмастырып, тиісті орынға жаз.
Алып ... сүйреткен пойыз келіп тоқтады. Вова мен Фазыл мектепке жиырма төртінші ... келеді. ... біздің сыныптың балалары жеңіске жетті. Фархат ... цеце шыбыны туралы мәлімет оқыды. Рафих досына ... ұсынды. Тұңғыш кәсіби қазақ ... Алматы қаласында ашылды. Эльмира ... серуендеді.
Мәтіндегі негізгі ойды тауып, бірнеше рет оқу арқылы есте сақтайды, негізгі ойды жатқа жазуға дайындалады. Негізгі ой. Мен қашсам, сен алысқа жүгіре алмайсы, сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым. Жатқа жазылған негізгі ойды оқулықтағы нұсқамен тексереді.
Дифференциация . Көмекті қажет ететін оқушыларға жауаптарын нақтылауға қолдау көрсетіледі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды зерттеймін Ээ дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]