Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі  «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу. Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Сабақ мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру- ге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты ОМ таныстыру
• пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап беруді үйренеміз;
• өз ойымызды жүйелі жеткізуді үйренеміз;
• щ әрпі бар сөздердің емлесін меңгереміз.
Ойымызбен бөлісейік
Суреттерге қара. Жұбыңмен ой бөліс.
Айналаңдағы адамдарға қандай қамқорлық көрсете аласың? Өзіңнен кіші балаларға қамқорлық көрсеткен кезің болды ма?
Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысады. Суреттерге қарап, жұпта ой бөліседі. Содан кейін ойларын сыныпта айтады.
Сыныптағы жұмысты басқару. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда сыныпта еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.
(Ұ) Оқиық және жауап берейік Шынайы қамқорлық
Мәтінді талдау.
Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, дәп- теріңе жаз.
Нұржаубек атаға тас не үшін керек болды?
Қарияға ауыл тұрғындары неліктен риза болды?
Нұржаубек ата жолды жөндеуге міндетті ме?
Мәтін негізінде Нұржаубек ата сөзіне «бес жолды өлең» құрастырып жаз.
Дифференциация
Кейіпкерге сипаттама беру кезінде қабілеті төмен оқушыларға мынадай кесте ұсынуға болады.
С.... Е.... Қ.... М.... А....
Оқушылар сипаттама беруде осы әріптен басталатын сөздер арқылы сипаттама береді. Толтырып болған соң бір­бірінің кестесімен салыстырып толықтырады.
Қабілеті жоғары оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Бірге орындайық
Мәтінде щ әрпімен жазылатын сөз кездесті ме? Құрамында щ дыбысы бар тағы қандай сөздерді білесің? Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап болған соң, щ дыбысы бар сөзді табады. Ащы сөзін қатыстырып ауызша бірнеше сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы, ащы тер, ащы тағам, ащы дәрі т.б. Щ дыбысы бар басқа да білетін сөздерін айтады. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.
Грамматикалық қоржын
«Щ» дыбысын дыбыстағанда, екі «ш» дыбысы айтылады. Щ – қатаң дауыссыз дыбыс.
щ әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасау
(Т) Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Ауыл тұрғындары атынан Нұржаубек атаға алғысыңды білдіріп, хат жаз.«Қабырғадағы сұлба» әдісі. Олар Нұржаубек атаны басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Ал сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады. Осы әдіс арқылы кейіпкерге халықтың ризашылығы және кейіпкердің қамқор көңілі жайында ой түйеді. Осының негізінде оқушылар кейіпкерге арнап, алғыс хат жазады. Топта жазып болған соң сыныпқа оқып береді.
Дифференциация
Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер ұсынуға болады.
Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасау кезінде сынып ішінде еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сомдаймыз Қамқор болып жүрейік! (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен ұқыпты баламын (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Таныс әңгімені баяндау (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]