Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 19-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- кесте негізінде сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгімен салыстыра отырып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көпшілігі:
- сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
дереккөздер қолданып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Сабақ барысы: (МК; Ұ) Жағдаятты шешу. «Шығыс базары» әдісі.
- Оқушылар, қазір сендер ерекше базарда сауда жасайсыңдар. Сауда теңгемен емес, әдепті, жақсы сөздермен жасалады. Яғни есімің жазылған қағазды сыпайы сөздерге айырбастай аласыңдар. Сауда жасауға барлығы 3 минут уақыт беріледі. Сәттілік!
- Сауда жасауда қандай қиындықтар кездесті? Неліктен?
- Сатушының назарын аудару үшін қандай сөздер қолдандың?
Қаратпа сөздер туралы түсінік беру.
Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу.
3.3.7.1 ( МК,Ж,Ұ) 1-жаттығу. «Венн диаграммасы» әдісі. Кестедегі сөйлемдерді салыстыру. Интонациясын анықтау. Сол жақ бағандағы сөйлемдердің сызбасын сызу. Ой қорытындысын жасау.
«Арайлым», «әже», «қызым» қаратпа сөздерін басқа сөздермен («Күнім-ау», «әжетай», «балам-ау», «құлыным» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолдануға жаттығып көреді.
Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорытындылайды.
3.2.4.1 (Т; Ө, Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою.
2-жаттығу. Мәтінді іштей оқиды немесе мұқият тыңдайды.
- Нұржан қандай іспен айналысты?
- Бағбанның Нұржанға ескертуін тауып оқы. Айтылған оймен келісесің бе?
- Нұржанның әрекетін қалай бағалайсың?
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Нұржан осы оқиғадан қандай қорытынды шығаруы мүмкін? Ал сен ше?
- Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді тауып оқы.
Терме жазу: мәтіндегі бағбанның сөзін қаратпа сөздермен толықтырып жаз. Өзара тексеру. «Бас бармақ» әдісімен бағалау.
Дескриптор:
- Мәтінге ат қоя алады;
- Негізгі ойды тұжырымдай алады;
- қаратпа сөздердің тыныс белгісін сақтайды;
- жазба жұмысты тексеріп, қатені анықтай алады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Дің, бүлдірген сөздерінің жазылуын анықтайды. Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасалады. ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]