Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 Жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
3.4.1.2 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың мәтін құрастырып жазу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, ортақ тақырып аясында «Аяқталмаған сөйлем» ойынын ойнайды. Оқушылардың қолына аяқталмаған ойды білдіретін сөйлемдер беріледі. Мысалы, Мен кеше жақсы ... .
(МК)
Сөйлемдерді қатесіз жазу жолдарын еске түсіру.
1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2. Сөйлем сөздерден құралады.
3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
5. Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.
Нүкте(.), сұрау(?), леп белгісі (!)
6. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз.
7. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
8. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
9. Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
- Мәтінде қанша сөйлем бар?
(Ұ) Жазу ережелерін еске түсіру. Сөзде әр әріптің элементтерін каллиграфиялық талапқа сай бірдей арақашықтықта және сызықтарын үзбей, көлбеу әрі дұрыс жазу керек.
Орфографиялық ережелер: л, р, ң дыбыстары кездескен сөздерді тасымалдағанда бұл әріптер буынның басына жазылады.
Саңырауқұлақ.
Жалқы есімдердің барлығының бас әріптерден жазылады.
Юрочка, Жалмауыз кемпір.
(Ұ) Сергіту сәті.
(Ө, Қ) Әңгімені әсерлі баяндау үшін қажетті сөздерді таңдауда бағытталған жазу әдісін қолданып, әңгімелерін ретімен жүйелі баяндау үшін оқушылар әңгіме кестесін жоспар ретінде қолданып бірнеше сөйлемдерді жазады.
(Дифф.)
• Жазу қабілеті жоғарылау оқушылар кейіпкерді сипаттай отырып, қысқа мәтін жазады.
• «Негеш?» сұрақтары арқылы диалог құрады.
• Жазу қабілеті орташа оқушылар әңгімеге қатысты ретімен берілген суреттердің астына сөйлемдер жазады.
• Жазу қабілеті төмен оқушылар басты оқиғалардың ретін естеріне сақтау үшін әңгіме кестесін пайдаланады.
Ертеде Юрочка деген қыз болыпты. Ол құрбыларымен орманға келіп, саңырауқұлақ пен жидек теруге келді. Бір кезде жан-жағына қараса айналада ешкім жоқ. Бұл кезде келіге мініп ұшып бара жатқан жалмауыз кемпір Юрочканы көріп, оны іліп алып, тауық аяқ үйіне алып келді. Әкелді де: - Сен енді маған қызмет етесің. Пеш жағып, су тасисың, отын жарып, жіп иіріп, үйімді жинастырасың,-деді. Юрочка жалмауыз кемпірдің үйінде тұра бастады. Бір күні жалмауыз кемпір шаруасымен кетіп қалады. Ал Юрочка болса, жіп иіріп, терезе алдында жылап отырады. Сол кезде үйдің жанынан сиырлардың табыны өтіп бара жатты. Сиырлар: -Мөөөө, сен неге жылап отырсың, балақай,- деді.
-Жыламай қайтейін, жалмауыз кемпір маған күн көрсетпей, үйге жібермей жатыр,-деді қыз.
Ақ тұяқ, қара бүйір бұқашық:
- Менің арқама отырып, мүйізімнен мықтап ұста мен сені үйіңе алып барайын,- дейді. Жалмауыз кемпір қыздың қашып кеткенін біліп, артынан қуа жөнеледі. Ұшып келіп, енді ұстай бергенде қара сиыр батпақты тұяғымен тепкілеп, шаша бастады. Жалмауыз кемпірді бастан аяғына дейін батпаққа малып жіберді. Қара бүйір бұқаша Юрочканы тура үйіне алып келді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сипаттаймыз (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]