Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаттары: Көлеңке арқылы кейіпкерлердің портретін сипаттау.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылар ғылымға кіріспе пәні бойынша өткен көлеңкенің пайда болуы туралы пікірлеседі.
(МТ) Кейіпкерлерді сипаттау мақсатында символикалық мәндерді түсіндіру арқылы осы тақырыпты пайдалануға мүмкіндік беру.
Көлеңке театры Қытайда 2.000 жыл бұрын пайда болған. Хан әулетінен шыққан Ву атты императордың сүйікті әйелі қайтыс болып, император көп қайғы кешті. Жұтқан қайғысы соншама, тіпті елді басқаратын ықыласы жоғалып кетіпті. Бір күні ел министрі қуыршақ ойнаған балаларды көріп, қуыршақтардың көлеңкелері ол үшін нанғысыз тірі болып көрінді. Осыны аңғарған зерек министрдің ойында бір идея пайда болыпты. Ол император әйелінің мүсінін мақтадан жасап, бояйды. Қас қарайғанда, ол императорды жарық түсіретін қуыршақ көрінісін тамашалауға шақырды. Императорға бұл көрініс ұнап, келешекте халыққа көрсетуді бұйырды. Осы оқиға тарихи кітапта көлеңке театрының пайда болған күні деп жазылды.
Көлеңке театры халық жырлары мен тарихи оқиғаларды айту үшін және дін туралы мәлімет беру үшін қолданылған. Көлеңке қуыршақтарын жасау үшін өте жұқа тері қолданылған. Терінің ішіне жарық сәулелері, сурет экран арқылы өтетіндей етіп тесіктер жасалған. Бұл қуыршақтың келбеті мен киімін анықтауға көмек береді.
Жалпы ұқсастықтар мыналарды қамтиды:
• күшті кейіпкерлер (кейде стереотиптерге сай) және қойылым тәртібі;
• шешілуі, барысы, шыңы /шиеленіс, қорытындысы;
• кейіпкерлер өзгереді немесе оларға сабақ беріледі.
Айырмашылықтары:
• баяндама немесе сипаттаманың болмауы;
• бет әлпетінен оқылатын өзгерістері;
• қосымша дерек беретін детальдардың, не жақыннан түсірудің болмауы.
(Ұ) Фильм көру.
http://www.youtube.com/watch?v=Kku75vGDD_0
"Däumelinchen" by Lotte Reinige
Теремок" - YouTube. Настоящий теневой спектакль
(Ұ) Көлеңкенің ғасырлар бойы әңгімелер жазуда жаман немесе бұрыс іс-әрекеттерді бейнелеу кезінде пайдаланылатынын түсіндіру. Көлеңке театрының қуыршақтары арқылы баяндайтын оқиғаны тамашалау. Түссіз, күңгірт және тұнық терминдерін оқушыларға ұсыну. Жасалынған бейнелерді оқушылармен талқылау.
(Ұ) Фильмнен үзіндіні екінші рет көру. Оқушылардан фильмде өзгерістер қалай белгіленетінін сұрау, мысалы: қара экран, ақ экран, шымылдықтың ашылуы арқылы.
(Ұ) Оқушылардан оқиға баяндаудың анимация, фильм, кітап сияқты басқа түрлері мен театрдағы көлеңкенің қолданылуын салыстыруды сұрау. Ұқсастықтары/айырмашылықтары қандай? Сендер осылардың ішінен қайсысын артық көресіңдер?
(Ж) Кейіпкердің қарапайым іс-қимылдары (мысалы: басын қолымен ұстағаны қайғы мен үмітсіздікті білдіреді) белгілі бір әсер тудыратына назар аударту. Фильмді қайта көріп, маңызды сәттерде тоқтату. Балалардан фильмдегі кейіпкерлердің іс-қимылдарын/ әрекетін, көңіл-күйін байқауды және сол арқылы алған әсерлерін анықтауды сұрау.
(Ұ) Әңгіме баяндауда көмектескен өзге әдістердің қолданылуын анықтау.
(ТҚ) Көлеңке театрын ұйымдастыру.
Өзге де құралдарды дайындау:
• тиісті саундтрек;
• дыбыс эффектілері;
• декорация.
Тапсырмалар: Тарихи оқиғаларға байланысты.
1-топ. Бейбіт күн.
2-топ. Сұрапыл соғыс.
3-топ. Алынған хат.
(Қ) Оқушыларға кейіпкерлердің мінез-құлқын бағалап, өз қорытындыларын кестеге жазуды ұсыну, мысалы:
Фильм бөлімі Қимыл/әрекет Сезімді тудыру
Алынған хат Басын қолымен ұстау Қайғы......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (3 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмді сипаттау№2 (1 сынып, 3 бөлім )
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов (3 сынып, IV тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бос уақыт туралы оқу және фильм көру №1 (2 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]