Қазақ тілінен сабақ жоспары: Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: 3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау;
3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін
дұрыс қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
-кесте негізінде сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
-сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Адасқан әріптер» ойыны ойналады.Тақтадан әріп қиындылары көрсетіледі. Оқушылар әріп қиындылары арқылы сегіз әріптен тұратын сөз құрастырады. Бұл сөз жаңа сабақтың тақырыбы болып саналады.
Қ Ы Т Р Ы С М А
- Оқушылар, «қыстырма» деген жаңа ұғыммен танысамыз. Бұл қыстырма сөздер тілімізде кездеседі. Сөйлем ішінде қыстырылып жүретін бұл қандай сөздер екен?
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Ұ)3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
-Мына суретке назар аударайық. Отбасы мүшелері қалаға жарысқа кеткен немересін күтіп отыр.
-Екінші суретте қандай айырмашылық бар?
- Бұл - қызылмен көрсетілген сөздер қыстырма сөздер. Байқағандай, қыстырма сөздер сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді.
Кесте көрсетіледі.
Бір сөзден Екі сөзден Бірнеше сөзден
бәсе
рас
әрине
шынында
меніңше
сіздіңше
міне
әйтеуір
мүмкін
демек
әуелі
біріншіден
екіншіден
сөйтіп
қысқасы амал қанша
оның ойынша
өкінішке орай
кім біледі
олай болса
сөз жоқ
-Қыстырма сөз дегеніміз не?
-Қыстырма сөздер, көбінесе, сөйлеудің қай түрінде кездеседі?
-Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
Қабілеті жоғары оқушылар қыстырма сөздерді қаратпа сөзбен салыстырады: ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
(Ж) Оқушыларға карточка беріледі. Оқушылар жұптаса отырып, кесте бойынша жұмыс жасайды. Бос орынға қыстырма сөзді қойып жазады. Алдымен, қыстырма сөздерді қояды. Басқа жұппен сәйкестігін тексереді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқиды.
Дескриптор:
-сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтайды;
-сөйлемдегі қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
Сергіту сәті. Тақтада қыстырма сөз кестесі ілулі тұрады.Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар айтылған ойға өз көзқарастарын білдіріп отырады. Шапшаң әрі дұрыс айтылуы тиіс. Мысалы,
- Ертең бәріміз сабаққа келеміз.
-Әрине.
-Болашақта ғалым боламын.
-Кім біледі.
-Мүмкін.
-Ауылдан апаң келгенін неге айтпадың?
-Ұмытып барады екем.
(Ж) 3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау;
(Ұ) 1. Оқушылардан сұралады: «Бұл не болуы мүмкін?» (түйенің өркеші).
(Ж) 2. Оқушыларға сұрақ беріледі: Түйеге өркеш не үшін қажет? Оқушылар ттоптаса отырып, проблеманы шешеді.Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы орындалады.
Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?
Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды ақпартты анықтадым?
Оқушылар жұптаса отырып тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазады.Ойларын ортаға салады.
(Ж)3.Оқушыларға «Түйеге өркеш не үшін керек?» мәтіні («Балдырған» журналы) беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Жұптаса отырып жүк журналының оң жағын толтырады. Ойларын ортаға салады. Мұғалімнен көмек қажет ететін оқушылардан сұралады.
4. Оқушылардан бұл мәтіннің қай түріне жататыны сұралады.Пайымдау мәтінінің ерекшелігі еске түсіріледі. Кесте ілінеді. Қызыл түспен берілген сөздердің жаңа материалмен қандай байланысы бар екені сұралады. Пайымдау мәтініндегі көмекші сөздердің қыстырма сөздер болып табылатындығын түсінеді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы аясында) (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]