Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (1)
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
• тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді, үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
Сабақ барысы: (Ұ) Ширату жаттығуы. Психалогиялық ахуал.
Аққу болып ұшамыз
Көлге келіп қонамыз.
Көлдің бетін құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
(Ұ) «Ақыл тасы» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
Мәтін дегеніміз не?
(ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу)
Мәтін түрлерін ата.
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
Мәтін неше бөліктен тұрады?
(үш бөліктен: басы, негізгі бөлімі, соңы)
Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма? Неліктен?
(Сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды, себебі мәтіннің құрылымы бұзылса, не туралы айтылғанын түсіну қиын болады)
Мұғалімнің сабақ тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мәтін құрастыру», мақсаты түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
көркем жазу дағдыларын дамыту
(Т) «Ойлан, тап»
(Т) Оқушыларды 3 топқа біріктіру.
«Біріктіру» тәсілі (1,2,3 деп санау арқылы)
1- 1-топ
2- 2-топ
3- 3-топ
1-тапсырма (Т)
Үш топқа суреттер көрсету, сол суреттер арқылы пайымдау мәтінін құрасыру.
(әр топқа пайымдауға жетелейтін проблемалық сұрақтар қою, жауабын тыңдау, дәлелдету.)
1-топ Жапырақ неге жасыл түсті болады?
(Жапырақ жасыл түсті. Себебі, оның құрамында жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл болады.)
2- топ Балықтар неге сөйлемейді?
(Балықтар суда тіршілік етеді. Сондықтан олар сөйлей алмайды.)
3-топ Неліктен, үкі күндіз ұшпайды?
(Үкі түнде жемін аулайды. Сондықтан күндіз ұшпайды.)
Бағалау дескрипторы
- -сұраққа өз ойын жүйелеп, жауап бере алады;
- -сөйлеу мәдениетін сақтайды;
- -диалогқа қатыса алады;
(МК, Ұ)
Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
(Ж, Т) Оқылым. Мәтінмен жұмыс
«Дауыстап ойлау» әдісі
2-тапсырма
Пайымдау мәтіні бөліктерін табу
Мәтіннің пайымдау мәтіні екенін қалай анықтадыңдар?
Не себепті? – Қалай дәлелдейсіңдер?
Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал, қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
(пайымдау мәтіні бөліктерін мәтіннен тауып оқиды )
Жауап
Сондықтан да, бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.
Жауап
Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды. Қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.
(МК, Ұ) «сондықтан», «сол себепті» көмекші сөздер болып табылады. Көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін, құрылымдық бөліктерін ажыратуға болады.
Сергіту сәті. «Кім зерек?» ойынын ұйымдастыру.
Оқушыларға жанды табиғат және жансыз табиғатқа қатысты сөздер айтылады. Егер жанды табиғатқа жатса, орнынан тұрып, шапалақ соғады. Жансыз табиғатқа жатса, орнында отырып аяғын топшылап, тізесін қағады. Мысалы: күн, үй, тас, адам, ағаш, гүл, ауа, түйе, киім, торғай т.б.
(Ө, Ж, Т, Қ) «Оқиық және жауап берейік»
3-тапсырма
Әр топқа 2 мәтінді оқып, мәтін түрін анықтау ұсынылады.
(Өз бетінше іштей оқуға 1 минут уақыт беріледі. Жұпта ақылдасып, пайымдау мәтіні бөлігін табады)
1-топ «Аққу» және «Лашын»
2-топ «Тоты» және «Оқпақ»
3-топ «Қайың» және «Ақбөкен»
Орындау реті:
-Мәтінді оқып, мәтін түрін және оның құрылымдық бөліктерін өзара анықтау.
-мәтін түрін анықтап, дәлелдеу.
Саралау. Мәтін түрін ажырататынын бақылау, қолдауды қажет ететін оқушыға көмек көрсетуін ойластыру.
Оқылым
4-тапсырма
(Ө, Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу.
(Мәтінді қайта оқу)
Саралау. Оқушылардың мақсатқа жетуіне ықпал жасау.
Жауап
- Неліктен бүркіт ұясын ең биік ағаштың басына, желдің өтіне салады?
(Себебі, балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.)
- Неліктен бүркіттің қас жауы түтін деп ойлайсың?
(Кеудесін түтін шалса өледі, себебі бүркіт қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.)
-Неліктен ең мықты құс кеудесін түтін шалса, өліп қалады?
- Неге ең мықты құс деп ойлайсың? т.б.
Бағалау дескрипторы
- -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады;
- - сұраққа жауап бере алады;
Топтық кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек.
Шығармашылық жұмыс
5-тапсырма
(Ө, Ж) Берілген суретті пайдаланып, жанды табиғат туралы мәтін құрау. Құрылымдық бөліктерін анықтау. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұраққа жауап беретін пайымдау мәтіні болу керек.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]