Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: №5 -сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, сипаттау мәтінін, пайымдау мәтінін анықтай алады;
• үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың көбі:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Ширату
«Көңіл-күйді анықтау» әдісі
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін суретті салады. Табиғат құбылысына қатысты суреттерді салуға нұсқау беріледі:
1. Жарқырап күн шығып тұр.
2.Аспанды бұлт торлаған.
3.Жаңбыр жауып тұр.
(МК; Ұ;) «Шеңбердегі доп» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.Сағат тілімен допты бере отырып, «Торғай» мәтіні туралы және «Қоян» ертегісінен бір сөйлем айту.
Ашық сұрақ пен жабық сұрақты қоя отырып, оқушыларға қолдау жасаймын.
-Бақшаны кім аралап келе жатты?
-Ол нені көрді?
-Торғай неліктен Омар атайға жалтақтап қарай берді? т.б
( МК.Ө) Көркем жазу
Үлкен жол көзді дәптерге бас әріп пен кіші әріптің биіктігін мен көлемін көрсету.Үлгі бойынша жазу.
19- жаттығу (МК; Т;) «Кластер» әдісі
Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау деп жазылған парақшаларды таңдау арқылы оқушылар үш топқа біріктіріледі.
Мәтін түрлері туралы біліміңді есіңе түсір.Берілген сөз тіркестерін, сұрақтар, сөйлемдерді тиісті мәтін түріне орналастыру арқылы кластер құрастыр.
1-топ Әңгімелеу мәтін
2-топ Сипаттау мәтін
3-топ Пайымдау мәтін
1.Оқиға, құбылыстың себептерін түсіндіреді, дәлелдейді
2.Бір нәрсе жайында хабарлайды.
3.Адам, табиғат, жануарларды сипаттайды
4.Неліктен? Неге?
5.Қандай? Қай?
6. Не істейді? Қайтеді? Қайда болыпты?
7. Бүгін жаңбыр жауады, өйткені күн бұлтты.
8. Қанат әдепті және озат оқушы.
9. Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
Дескриптор:
-әңгімелеу мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды
- сипаттау мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды
- пайымдау мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды
-кластер құрастырады
Қ.Б: мадақтау арқылы .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №127 Сөз және оның құрамы (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]