Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұшу аппараттары туралы не білемін? (2 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Ұшу аппараттары туралы не білемін?
Оқу мақсаттары: 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіруге дағдылану.
Сабақ барысы: (Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.
«Ертеңгілік шеңбер»
Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
(МК;Ұ; Ө) Сабақтың тақырыбын ашу
Мақсаты: Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау.
Ортада бірнеше карточка тұрады. Карточкада бірнеше суреттер тұрады. Оқушы бір-бірден шығып, сол суретті басқа оқушыларға жұмбақ ретінде жасырады, ал оқушылар жасырын сөзді табады.
Сөздер: автобус, велосипед, қайық, кеме, жеңіл көлік.
Мұғалім бұл сөздердің қандай байланысы бар екендігін сұрайды.
Олардың қолданылу аясын анықтайды, қандай көлік жетіспейтіндігі сұралады. Сабақ тақырыбы анықталады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критериін шығару.
(Ө)Кестемен жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың өткен білімдерін қайта жаңғырту, мақсат қою, мақсатқа жетуге ұмтылу дағдыларын дамыту.
Оқушылар «ББҮ» бойынша кестені толықтырады.
Білемін Білгім келеді Білдім
Тапсырма орындалып болған соң оқушылар өз ойларымен бөліседі, бірін-бірі толықтырады.
(МК,Ұ,Т) Бейнекөрсетілім.
Мақсаты: Ұшу аппараттары туралы білімдерін толықтыру, мәтін мазмұны бойынша өз ойларын айта білуге дағдыландыру.
- Балалар, бейнежазба не туралы?
- Бейнежазба сіздерге ұнады ма?
- Неліктен ұнады?Неліктен ұнамады?
- Мәтіндегі негізгі ой қандай?
- Автор қандай мақсатта бейнежазбаны түсірді деп ойлайсыздар?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
(Т,Қ)Топтық жұмыс
Оқушылар топтық жұмыс арқылы бейнежазба бойынша постер құрастырады.
Қосымша берілетін мәлімет:Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.
Оқушылар «Галерея» әдісі бойынша бір-біріне постерлерін береді, постердегі ақпаратты басқа топ оқушылары толықтырады, өз иесіне қайтып келеді.
Топтар өз постерлерін ортаға салады, қорғайды, толықтырулар мен түзетулер енгізіледі.
(Ө) «БББ» кестесінің соңғы бөлігін толықтыру.
Мақсаты:Сабақта алған білімдерін қорытындылау..
«БББ» кестесінің соңгы бөлігін толықтыру.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерді тану (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме жазамын (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхатқа шығамын (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын (2 сынып, II тоқсан )
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: