Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған ортаны танып білемін Түлкі мен бөдене (2 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Қоршаған ортаны танып білемін. Түлкі мен бөдене.
Оқу мақсаттары: 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату
2.2.3.1мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып парталары төрт топқа бөлініп тұрады.
1- топ- зат есім.
2- топ-сын есім.
3-топ- сан есім.
4- топ – етістік.
(Ұ) Шаттық шебері.
Мақсаты: оқушыларды ұйымдастыру, ана тіліне деген құрметін арттыру.
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, тақтадағы өлең жолдарын оқиды.
Қазақ тілі – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
- Балалар, өлең не туралы?
- Біздің ана тіліміз қай тіл?
- Өз тілімізді мәңгілік сақтап қалу үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыздар?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.
(Ұ, Ө) «Орныңды тап» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың өткен білімдерін қайта еске түсіру, топқа бөлу.
Мұғалім шеңберде тұрған оқушыларға сөздер таратып береді.
Әрбір оқушы берілген сөздерге сұрақ қою арқылы қай сөз табы екенін анықтап, өз орынын табуы тиіс.
(Ұ) Жұмбақты шеш.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту,сабақтың тақырыбын анықтау.
Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жауабын табу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(Түлкі)
Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.
(Бөдене)
- Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін анықтау.
(Ұ, Т) Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: Оқушының айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту.
Әр топқа ертегі мәтіні таратылып беріледі.
(Ұ)Оқушылар ертегіні тізбектей оқып шығады.
(Т) Әрбір топ белгіленген өздеріне берілген ертегі бөлігі бойынша мазмұндайды.
1- топ:
Түлкі мен Бөдене
Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
- Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.
- Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені
көре сала:
- Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені
соғып алайын,- депті шал.
- Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - депті
кемпір.
2-топ:
Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті.
Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті.
- Досым, күлдің бе? - депті бөдене.
- Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндерде
бір күн түлкі:
- Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті.
- Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? -
деп сұрапты бөдене.
- Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! – депті түлкі.
- Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем
оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене.
3-топ:
Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен
көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене:
- Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куып беріпті. Түлкі қашып беріпті.
4-топ:
Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп:
- Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты.
- Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып:
- Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын!
- Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып:
Маңғыт дей бергенде:
- Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан
былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты.
(Ж) Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша нақты фактіні анықтауға бағытталған сұрақ құрастыруға, қойылған сұраққа жауап беруге дағдылану.
* Оқушылар бір-біріне мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады.
* Қойылған сұрақтарға жауап береді.
* Жұп бойынша мәтіннің негізі ойын анықтайды.
(Т)
Мақсаты: Бір-бінің ойын, көзқарасын тыңдауға, ортақ шешімге келуге, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану.
Әрбір топ өзара ойласып,өздеріне берілген мәтін бөлігінің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырады. Топтар өазар сұрақтарымен алмасып, сұрақтарға жауап береді.
Құрастырған сұрақтары мен жауаптарын негізге ала отырып, топтар бірін-бірі «Жұдырық» әдісі бойынша.
өзара бағалайды.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған ортаны танып білемін (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өлең жазу Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: