Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқиғаны мазмұндау (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқиғаны мазмұндау (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Оқиғаны мазмұндау
Оқу мақсаты: 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады
2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. Оқушылардың шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйренеді. cөйлеу тілінде қолданады. Сөйлемдерді дұрыс, қатесіз оқып, жазуға дағдыланады.
Сабақ барысы: (Ұ) Сыныпта жайлы ахуал орнату.Шеңберге тұрып, бір – біріне сұрақтар қою. Жақсы лебіздер мен тілектер айту.
(Ұ,Т) Оқушыларға бүгінгі сабақта оқылатын ертегінің кейіпкерлерін жұмбақ арқылы тапқызып, қызығушылықтарын арттыру.
Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын.
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(Ұ,Т) Берілген сілтеме бойынша «Арыстан» ертегісін тыңдату. Тыңдаған мәтіні бойынша төмендегі сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын ажыратады
 Ой қырдағы аңдарды маймыл басқарыпты
 Арыстанның жақын уәзірі маймыл болыпты
 Арыстан бойын жазып қайтпақ болып сапарға кетіпті
 Арыстан сапарға кеткенде оның қолайлы жеріне келіп маймыл қоныстаныпты
 Маймыл түлкіге келіп арыстанның орнын босат депті
 Түлкі арыстанның орнын босатып беріпті
 Түлкінің әйелі арыстанның орнын босатып берейік деп қорқып кетеді
 Арыстан келгенде түлкінің балалары жылап жатыпты
 Түлкі бұл менің ата-бабамнан қалған жер дейді
 Арыстан келе қалса бір амалын табамыз
 Түлкінің әйелі үрейленді
 Балаларына арыстанның етінен бешбармақ жасап бермекші
 Арыстан өз үйін түлкінің отбасына тастап кетіп қалыпты
 Арыстан маймылды жеп қойыпты
 Түлкі айласын асырып арыстанның үйінде тұратын болыпты
 Маймыл түлкімен бірге ақылдасып арыстанды үйінен қуып шығыпты.
(Т) Топпен жұмыс. Әр топ мәтіннің кейіпкерлері маймыл, түлкі, арыстанды сипаттайды, әр сын есіммен өз сөйлемдерін құрайды.
Арыстан Маймыл Түлкі
(Ұ) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1) Мәтін сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
2) Мәтіннің тәрбиелік мәні неде?
3) Мәтіннің басы, ортасы, аяғын ажыратыңдар
4) Мәтін желісі бойынша естеріңде қалған сөздерді төмендегі кестеге толтырыңдар
Зат есім Сын есім Етістік
(Ұ,Т) Ұнаған кейіпкердің суретін салу.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар туралы әңгімелер оқу (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түлкі мен тырна (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Оқиғаны мазмұндау 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Оқиғаны мазмұндау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]