Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру
Оқу мақсаты: 2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды
2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылармен сыныпта жайлы ахуал орнату. Оқушыларға жұмбақ жасыру арқылы зат есімді қайталату.
кім? не? сұрақтарымен
Сөйлемдегі ой иесі боламын. (зат есім)
Не істеді? сұрағымен көркейемін, толамын. (етістік)
(Ұ,Т) Әр оқушыға төмендегі сұрақтар беріледі.
1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз
ә) заттың атын білдіретін сөз
б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз
2. Туынды зат есімді тап
А) қала
ә) малшы
б) тау
3. Көптік жалғаулы зат есім
А) батыр
ә) оқушылар
б) тау
4. Жалқы есімді тап
А) журнал
ә) ағаш
б) Алматы
5. Зат есім тобын тап
А) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау, арман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады
(Т) Топпен жұмыс. «Қазақстан» сөзі беріледі, әр топ осы сөзден жаңа сөз шығарады, тапқан 3сөзбен сөйлем құрады.
Қаз, қас, тас, сан, таза, аз, сақ, қақ, қан, нас, нақ, ақ, ас, ат, тана, таса, сақа, стақан, қазақ, атақ, зат, асқақ, тақ, сақта
(Ж) Жұппен жұмыс.
Әр топ берілген сурет бойынша сөйлем құрады.
(Ж,Ұ) Толық емес сөйлемдер ойынын ойнау.
Мен .... тұрамын.
Маған менің .... ұнайды.
Менің .......... өте әдемі, әрі ....
Біздің еліміздің табиғаты ....
Биік-биік асқар ..., мөп-мөлдір ..., неше түрлі ... мен дәрілік қасиеті бар шөптер ...
Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, ... жануарлар ...
Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз ...
(Ө) ТВ бағдарламасын тамашалау. «Бекзат Саттарханов» туралы бейнебаян көру.
Жеке-жеке сөздерден Қазақстан өлеңін құрау тапсырылады.
Ұлан, байтақ, қазақстан, өр, тұлғалы, ерін, жерім, елім, өсірер, тәрбиелеп
Қазақстан – елім,
Ұлан - байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер
Өр тұлғалы ерін......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар туралы әңгімелер оқу (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқиғаны мазмұндау (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу (2 сынып, IV тоқсан )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: «Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті» Нұсқаулық туралы (1 сынып, 6 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]