Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар әлемін танып білу (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар әлемін танып білу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Табиғат пен қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жануарлар әлемін танып білу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
Ж5 Оқылған, тыңдалған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын жазу
Сабақ мақсаттары: Т / А Мәтінді тыңдай отырып негізгі ойды түсінеді және қарапайым сөйлемдермен оқиғаны өздігінен мазмұндай алады.
О2 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады
Ж 3 Мұғалімнің ұсынған үлгісімен және қолдауымен мәтіннің мазмұнын негізгі бөлімдеріндегі тірек сөздерді қолдана отырып жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Сылдыр-сылдыр шапалақ,
Міне,менің қолым.
Міне , менің жүрегім,
Сені жақсы көремін.
Оқушылар бір-біріне жұпта сәттілік тілейді.
Оқушыларды топқа бөлу Жануарлардың суретін (сүтқоректілер.
құстар,балықтар, бунақденелілер, бауырымен жорғалаушылар)
таңдау арқылы топқа бөлу.
Сынып қабырғасында жануарлар тобының аттары ілулі тұрады.Оқушылар қолдарындағы суреттерді жануарлар тобына жапсырулары керек.
1-топ «Сүтқоректілер»
2-топ «Құстар»
3-топ « Бунақденелілер»
4-топ «Балықтар»
5-топ «Бауырымен жорғалаушылар»
Сонымен қандай топтар пайда болды? Ендеше бүгінгі сабағымыз не жайында болмақшы?
Сабақтың тақырыбы:Жануарлар әлемін танып білу.
Мақсаты:Мәтінді тыңдай отырып негізгі ойды түсінеді және қарапайым сөйлемдермен оқиғаны өздігінен мазмұндай алады.
Жетістік критерилері:
• берілген ақпаратқа қатысты өз көзқарасын білдіре алады;
• өз ойын дәлелді түрде жеткізе алады.
Қызығушылықты ояту. «Тез ойлап, сөз құра» ойыны
а р ы с т а н п і л
қ а Б и и М а Р Т а
қ у О ы і Н р О С қ
у ш Т р н б о т М Р
қ о л т ы р а у ы н
о ж ы л қ ы Қ О Я Н
й Т Ү Л К І Қ О З Ы
Осы аталған жануарлардың қайсысын адам асырайды?
(Т) Оқушыларға жануарларды асырау туралы не білетіндерін және соған қатысты кейбір деректер туралы пікір алмасуларын ұйымдастыру. Оларды сұрақтарға жауап табуға бағыттау.
Жануарларды асырау туралы не білесіңдер?
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Нені үйрендім?
Аталған жануарлардың ішіндегі құрлықтағы ең алып жануарды атаңдар?
Піл-әлемдегі ең алып жануар.
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Піл» туралы аудиожазба тыңдау.
Пілдер әлемдегі ең алып және ең ақылды жануар.Олардың миының салмағы-5кг,ересек пілдердің салмағы-6 тонна, ал жаңа туған пілдің салмағы 120кг.Ең қызығы пілдердің құлақтары қатты ыстықтан қорғануға мүмкіндік береді екен.Олар алыстан бір-бірімен хабарласады. Үнді пілдері 60-70 жыл ,кейде 80 жыл өмір сүреді.Олар шөптесін өсімдіктермен,бұта, жапырақ, кейде жемістермен қоректенеді.Пілдер қолға тез үйреніп,ауыр жүк тасиды.
Мәтінмен жұмыс:
• Аудиожазбаны тыңдай отырып, өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алу.
• Тыңдалған материал бойынша жұбымен пікіралмасу.
• Мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар қою
Мәтін бойынша бағалау критерилеріне дискрипторлар:
• Тақырыпты толық ашу.
• Мәтіннен ауытқымай түсінгенін толық айту.
• Жүйелі сұрақтар қоя білу.
Топтық жұмыс: «Ойлан - жұптас - талқыла»
Топ ережесін қайталату
• Бірін-бірімұқияттыңдау
• Ойланыптиянақтыжауап беру.
• Топтаынтымақтастықта болу.
• Уақыттытиімдіпайдалану.
1-топ «Пілдер немен қоректенеді?» суретпен көрсету
2-топ «Сөздердің мағынасын ажырату» кестемен жұмыс
3-топ «Піл қандай болады?» пілге сипаттама беру
4-топ «Пілдердің адамға қандай пайдасы бар?»
5-топ«Алып піл туралы не білесің?» суретпен жұмыс.
Сабақты қорытындылау: Не үйреніп,не білдік?кестені толтыру.
Тапсырмалар ия жоқ
1.Пілдер шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.
2.Пілдің миының салмағы 6 кг-дай болады.
3.Пілдің жаңа туған баласының салмағы 120кг болады
4.Үнді пілдері 60-70 жыл өмір сүреді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жануарлар әлемін танып білу 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жануарлар әлемін танып білу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]