Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз» бен «сен» (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз»  бен  «сен» (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Мазмұнын айта аламын. «Cіз» бен «сен».
Оқу мақсаттары: 2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары: Мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпараттарды белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады.
Сабақ барысы: І. Психологиялық ахуал.
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау.
Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
* Біз бақытты баламыз,
* Ойнап ,күліп аламыз.
* Жетілсін деп санамыз,
* Оқып білім аламыз.
(МК, Ұ) Аудиожазбаны тыңдау
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
-Балалар, сөздерге назар аударыңдар?
-Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?
-Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз да салт-дәстүрлермен байланысты болмақ.
(Т,Қ)Өткенді қайталау
Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
Оқушыларға 4 дәстүр жазылған қима карточкаларды таңдау ұсынылады.Карточкада жазылған дәстүрді еске түсіріп, топта талқылап, айту тапсырылады.
1-топ:Байғазы
2-топ:Бесік той
3-топ:Тұсау кесу
4-топ:Бата.
Оқушылардың жауаптары толықтырылады.Оқушылар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.
-Барлық салт-дәстүрлермен байланысты тағы да бір дәстүр бар.Ол күнделікті өмірде де жақсы көрінеді?Ол әдептілікті, үлкенді сыйлағанды білдіреді.
- Қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз?
Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мазмұнын айта аламын «Cіз» бен «сен» 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мазмұнын айта аламын «Cіз» бен «сен»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]