Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын. Көптік жалғаулар
Оқу мақсаты:
1.2 Оқиғаны болжау
2.7 Шығарманың композициясын анықтау
3.3 Мәтін бойынша жоспар құру
Сабақтың мақсаттары:
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау
2.3.3.1 мұғалім көмегімен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.
Сабақ барысы: (Ұ) Сабақ «Көк тудың желбірегені» әнімен басталады.
-Ән не туралы?
-Балалар, сендерге ән қандай көңіл күй сыйлады?
- Бейне фильмді көргенде қандай сезімде болдыңдар?
- Рио елінде өткен 31 олимпиадада отандастарымыз қанжығамызға қанша медаль салды? (17 -3 алтын, 5 күміс, 9 қола)
- Оларды еліміздің туын желбіреткен спортшылар деп атауға болады ма?
-Сендер ел туын желбірету үшін не істер едіңдер?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
-Бүгінгі сабағымызда не жайында әңгімелесеміз?
(МК,Ұ) Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжату.
Тірек сөздер: Рикардо Хуарес, әлем чемпионы, еңбегі еш кетті, ойсыз бокс.
Мәтінді кідіріс жасап, жалғасын болжата отырып, оқып беру.
Бекзат
Сиднейдің шаршы алаңына екі батыр шықты. Бірі –осы уақытқа дейін әлем чемпионы атанып үлгерген америкалық Рикардо Хуарес. Екіншісі - қазақ баһадүрі Бекзат Саттарханов. ...
(қалай ойлайсыңдар Бекзат қандай спорт түрімен айналысады)
Рикардо құлжаның асығындай шымыр. Қоңырқай жүзінде айбын бар. Өз күшіне, бабына сенімді. Көзінен ашу ұшқындап, жер тарпып тұр.
Бекзат та тас түйін.
Екеуі оңды-солды аңдысып, сатыр-сұтыр ұрысқа кірісті (ары қарай не болды?)
Бекзат сарт-сұрт ұрып, оңға орғиды. Көздеп ұрып, солға орғиды. Іштен, тұмсықтан дәл соғып, әлем чемпионын тықсыра түсті.
Рикардо тізгіннің қолдан сусып бара жатқанын түйсініп, белсене түскен. Жоқ. Мына қазақ тым сезімтал екен. Бұл жұдырығын ыңғайлағанша, екі-үш мәрте сілтеп үлгереді. Ойлануға мұрша беретін емес. Ойсыз бокс – орға жығылу. Мына қазақтың ойы да, жұдырығы да оқтай ұшқыр.
Рикардо арыстанша атылып, соққы жаудырған. Еңбегі еш кетті. Жұдырығы Бекзаттың қолғабының сыртынан қайтты.
Айтып-айтпай не керек, екінші раунд біткенде Сатарханов оқ бойы озық тұрды. Есеп 15/4.
Раундтың соңына қарай Рикардо тұсалған аттай күй кешті. Бекзаттың тасқамал қорғанысын талқандай алған жоқ. Амалсыздан Саттархановтың ыңғайына көнген.
Сиднейдің аумағы ат шаптырым бокс залын тағы дуылдаттық. «Қазақстан! Бекзат!» Есімі елімен бірге аталған Бекзат қандай бақытты! Еліңнің туы болдың деген – осы. Атаның ғана ұлы емес, халқыңның ұлы болды деген осы шығар.
Баһадүр – батыр.
1) Мәтінде кім туралы әңгімеленді? Ол кім?
(МК) Мәтіннің композициялық құрылымын анықтау.
Оқиғаның басталуы 2 батырдың шаршы алаңға шығуы.
Дамуы Екеуінің күресі.
Аяқталуы Бекзатың жеңуі
(Т) Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құруды ұсыну. Таныстырылым жасауды сұрау.
(Ж) Оқушылар ұсынылған үзінділерді оқиды .Бір-бірлеріңе айтып береді.
1-оқушы. Бекзаттың қарсыласының осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген? Тауып оқиды.
2-оқушы. Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқиды.
Деңгейлік тапсырма.
1) «Атаның ғана ұлы емес, халқыңның ұлы бол» - дегенді қалай түсінесің? Эссе жаз.
2) Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажырат, олармен сөйлем құр.
Ат шаптырым
Еңбегі еш кетті
Оқ бойы озық тұрды
(алдыңғы қатарда тұру, еңбегі босқа кету, алыс жер)......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Мәтіннің жоспарын құру Досы көпті жау алмайды (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өлең жазу Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын Көптік жалғаулар 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын Көптік жалғаулар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]