Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт жарысына қатысамын/жарысты тамашалаймын Жұрнақ пен жалғау (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт жарысына қатысамын/жарысты тамашалаймын Жұрнақ пен жалғау (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Спорт жарысына қатысамын/жарысты тамашалаймын. Жұрнақ пен жалғау
Оқу мақсаты: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
Сабақтың мақсаттары:
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушыларды шеңберге жиналуды сұрау. Футбол добын дорбаға салып жасыру. Оқушыларға дорбада не бар екенін сұрақтар қою арқылы табуды сұрау. Оқушылардың қойған сұрақтарына «иә», «жоқ» деп жауап беру.
(Ұ) Сілтеме бойынша «Футбол» мультфильмінен үзіндіні көрсету (00.30 -3.00 мин аралығында).
«Сұрақтар бұрқасыны» ойынын ойнау. Ортаға бір оқушы шығып, доптағы сұрақтарға жауап беру арқылы қақпаға гол кіргізеді. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, допты тақтада ілініп тұрған қақпаның ішіне жабыстырады. Ал жауап бере алмаса қақпаның сыртына жабыстырады.
-Футбол ойынына кімдер қатысады? («Астра», «Тюльпан» командалары)
- Ойыншылар қандай киімде болды? (ақ, қызыл)
- Футболды кімдер ойнайды? (қақпашы, ойыншылар)
-Ойын алаңында басқа кімдерді байқадыңдар? (тренер, төреші, жанкүйерлер)
-Ойында кімдер жеңімпаз болды? («Астра» командасы)
(Ж) Оқушылар жұптасып жеңген және жеңілген командалардың көңіл-күйлерін сипаттайды.
Сергіту сәті. Өлең жолы жазылған қағаз тақтаға ілінеді. Оқушылар өлеңді оқи отырып, қимылмен көрсетеді.
Добын, добын, домалақ,
Тоқтамайсың домалап,
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың,
Тентек болдың кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім геп.
(Ұ) Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дыбыстардың тиістісін қойып, мәтінді оқып шығуды ұсыну.
Футбол
Футбол – ..те қызы..ты ойын. Осы ойынды ек... команда ойнайды. ...р командада он бір адам болады. Бір қақпашы, он ойыншы. Ойында т...реші болады. Төреші ойын барысын бақылайды. Төрешіден ескерту ал...ан ойыншы – сары карточка алады. Ойында ...ызыл карточка алған ойыншы ойыннан шығады. Себебі, тыйым салын...ан тәсілмен ойнауға болмайды.
- Футбол қандай ойын?
- Футболды неше команда ойнайды?
- Әр командада неше адам болады?
- Олар кімдер?
- Төреші не істейді?
- Сары карточканы кім алады?
- Қызыл карточка алған ойыншы не істейді?
- Себебі неде? .......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын Сөз құрамы (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме жазамын (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сомдаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Спорт жарысына қатысамын/жарысты тамашалаймын Жұрнақ пен жалғау 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Спорт жарысына қатысамын/жарысты тамашалаймын Жұрнақ пен жалғау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]