Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт туралы әңгімені оқу (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт туралы әңгімені оқу (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Спорт туралы әңгімені оқу
Оқу мақсаты: 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып
бойынша әңгіме құрау
2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
Сабақ мақсаттары:
• Сөз тіркестерді пайдаланып оқу және жазады;
• Таныс сөздерден сөйлемдер құрастырады;
• Қарапайым сипаттау сөздерді қолданады.
• Мәтінге байланысты сөз тіркестерден денсаулық жайында мәтіндер жасай алады;
Денсаулық туралы шағын әңгіме құрастырып ауызша айта алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
(МК) Суретпен жұмыс
– Ал енді суреттерге көңіл аударайық:
Мына екі баланың қандай айырмашылығы бар?
/оқушылардың жауабын тыңдау/
-Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт пен байлық не екен ?
-Деніміз сау болу үшін не істеу керек?
– Спорт,денсаулық туралы қандай мақал білеміз?
Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары: 1/Денсаулық – зор байлық.
2/Дені саудың-жаны сау.
3/Бірінші байлық –денсаулық.
4/Тазалық-денсаулық кепілі.
5/Спорт-бейбітшілік елшісі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Мақсатқа қарап, бағалау критерийлерін анықтап алайық.
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау және тақтаға жазу/
Сергіту сәті
(Т) «Жасырынған сөздер» ойыны
Оқушыларға әріптері ауысқан сөздер беріледі. Оқушылар топта отырып, дұрыс шығатындай етіп сөз құрастырады.Тексеріп болған соң дәптерлеріне жазады.
М Е Р Л Е П Ә Н С У Ғ А Р Ы Н А
Ш Ғ Ы А Ң Т У Б Е
К Е Й Х К О
Ф С И Т А Л Й Р
(Ұ) Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқушыларға бір-неше рет оқыту. Негізгі ойы мен мазмұнын анықтау.
Шаңғышы Қыс түсті. Айнала ақ көрпеге оранды. Балалардың ендігі қызығы шанамен, шаңғымен сырғанау немесе коньки тебу. Ербол үйінен шаңғы алып шығып, сырғанап келе жатыр еді. Алдында сыныптасы Ботагөз тұр екен. Ербол оны жақсы біледі. Шанасын жақында сындырып алған Ербол оны аяп кетті. Екеуі бірігіп шаңғымен қырдан төмен қарай сырғанады. Ботагөз Ерболға риза болды.
Сұрақтар қою.
Оқушылар сұрақтарға жауап жазады.
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ө,ҚБ) Карточкамен жұмыс
Оқушыларға карточкалар беріледі.Оқушылар карточкадағы мәтінді оқып, сүрақтарына жауап жазады.
Қалыптастырушы бағалау- әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алуын және мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алу қабілеттерін бағалаймын. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзіме киім үлгісін таңдаймын (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сиқырлы дәрі жасаймын (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл және сөйлеу не үшін қажет? (2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Спорт туралы әңгімені оқу 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Спорт туралы әңгімені оқу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]