Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелерді әңгімелесуді жазу (2 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы : Әңгімелерді, әңгімелесуді жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.
2.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен орынды (жағымды) сөздерді тауып, шағын мәтіндерді редакциялайды және түзетеді.
2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.
2.3.13.1 Таныс емес сөздерді өтілген орфограмма бойынша жазады (п-б, к-г, қ-ғ; тасымал; й,у,ң)
Сабақ мақсаттары: Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазу,суретке қарап сөйлем құрастыру.
Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазу.
Сабақ барысы: (Ұ) Ертеңгілік шеңбер.Сәлемдесу. Бүгінгі сабаққа мен сендер үшін тосын сый дайындап әкелдім. Ол мына әдемі қорапшаның ішінде. Не екенін білгілерің келеді ме? Ондай болса өздерің табуға тырысыңдар.Сендер маған әр түрлі сұрақтар қойыңдар, ал мен сендерге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп, көмектесемін.(қораптың ішінде сурет)
(Ұ) Жұмбақ шешу.
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағы...
(Ұ) Жаңа сөздерді дәптерге жазу.
Күз, жапырақ, сары,қызыл жапырақ, қолшатыр, жаңбыр, көк аспан, табиғат, бақ, әдемі, жылы, табиғатты тамашалау, қорғау.
Шығармашылық орталығы.
(МК,Ж) Жұптасып күз туралы өлең құрастырып көру. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып өлең жолдарын құрастыру.
(күз, беркесін, өлкемізге, құстар, бұлт)
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге.... келді.
................. жинауға,
Шақырады біздерді.
............ қайтты ән салып,
.......... торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
1. Күзіміз неткен көңілді!
2. Күз мезгілі қандай тамаша!
3. Күз дегеніміз – байлық, молшылық!
(Ұ) Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз қандай ережелерді ұстануымыз керек?
-Сабақта мұқият болу;
-Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу;
-Сұрақтарға толық жауап беру;
-Сыныптастарымыздың пікірін,ойын сыйлау;
-Әдепті болу.
Олай болса, сабақ барысында осы ережелерді сақтауды ұмытпайық.
Ал, қазір қолдарыңды жұдырыққа түйіп дүрбі жасаңдар. Жан-жаққа қарап көріңдер. Не көріп отырсыңдар? Енді, тақтадағы суретке қараңдар.
Дүрбіден не көріп отырсыңдар? (оқушылар суреттегі заттарды атайды).
(Ұ) «Бағытталған жазу» әдісі бойынша оқушылар топтарда суретке қарап әңгіме жазады.
(МК) Қажетті сөздерді таңдап, фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін (кіріспе,есте сақтау, көрсету,түртіп алу) арқылы қолдау көрсетіледі. Дыбыстық білімді пайдаланып, әр сөздің жазылуын, сөйлем соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылатыны туралы ережелер еске түсіріледі.
(Т) Әр топ таңдаған сөздермен сөйлемдер құрастырады.
1 – топ
2 – топ
3 – топ
4 – топ
• Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
• Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің?
• Қыз балаға ат қой.
• Ол табиғат аясында не істеп жүр?
• Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
Берілген уақыт өткен соң, топтар өздерінің жұмыстарын қорғап, құрастырған сөйлемдерімен таныстырады.
Жақсы, бір-бірімізді мақтап, қол соғайық.
Енді, әр топтың құрастырған сөйлемдерімен не істеуге болады? Бұл сөйлемдер туралы не айтуға болады?
Әрине, барлық сөйлемдерді біріктіріп, ретімен қойып мәтін құрастыруға болады. Осы мәтінге әр топ өздеріңнің аттарын қойыңдар.
Құрастырған мәтінді оқиды.
(МК) Оқу барысында (п-б, к-г, қ-ғ) дыбыстары кездескен сөздерге тоқталып, талдау жасалынады. П дыбысы қай кезде б дыбысына айналады, сөз соңында б естілгенмен неге п жазылады,п дыбысы-нан кейін дауысты дыбыс келсе п дыбысы б дыбысына айналады. Мысалы кітап-кітабы, Әріптердің оқу және жазудағы ерекшеліктері туралы түсіндіріледі.Осы сияқты к-г,қ-ғ дыбыстарының ерекшеліктері де түсіндіріледі.
Сондай-ақ, (й, у, ң) дыбыстары бар сөздердің тасымалдануы туралы да түсінік беріледі
(Ұ) Оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады.
Сергіту сәті. Музыка ырғағына сай қимылдар келтіріп билеу.(белсенді тақтадан көріп отырған кейіпкерлердің артынан қайталау)
«Бірлесіп жазу» үшін оқушыларға сурет беріліп,ондағы көрініс бойынша оқушылар өз ойларын жүйелейді.
Ал, қазір бір сәтке осы суреттегі жерлерде жүрміз деп елестетіңдер.Осы жердегі заттардың бәрін сезуге бізге не көмектеседі, деп ойлайсыңдар? Дұрыс, сезім мүшелері.(Көз,құлақ, тіл,мұрын,тері). Келесі тапсырма: әр топ ақылдасып, осы жерде не көріп,естіп...сезгендері жайлы айтады. Мысалы: көзбен...көрдік, құлақпен... естідік, мұрынбен... иіскедік, тілмен...дәмін көрдік, терімен (қолмен)... сипап көрдік.
Суретке қарап құрастырған әңгімелерін оқиды. Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
(Ж, Қ) Оқушылар драма идеясын және өз импровизацияларын пайдаланып, комикс стиліндегі жеке әңгімелер жазып үйренеді.Рөлдік ойындар ойнайды.
Сөйлеу бұлтын жасап сөйлемдер құрайды. ......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазу ережелері (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс туралы әңгімелерді оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кешкі ас мәзірін жазу №2 (1 сынып, 7 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс туралы әңгіме жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: