Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жер бедері деген не? (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жер бедері деген не?  (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Жер бедері деген не?
Оқу мақсаттары: 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіру.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Полюс» ойыны
Мақсаты: өткен тақыпты пысықтау, оқушының қызығушылығын арттыру.
Интерактивті тақтада өлең бойынша дұрыс/бұрыс пікірлер болады, балалар дұрыс- солтүстік, бұрыс- оңтүстікке барады.
(Ұ) «Ойна да ойлан»
Мақсаты: сөз құрау арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Ойын арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Толықтырушы сұрақтар:
- Жер бедері дегеніміз не?
- Жер бедері қалай пайда болды?
- Қазақстанның Жер бедері қандай? Ерекшелігі неде?
/Оқушылар сұрақтарға жауап береді/.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін анықтау.
(Ұ, Ж) Бейнежазба.
Мақсаты: Бейнежазба бойынша өз ойын білдіруге дағдылану.
Мақсаты: оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.
Табиғат көрінісіне байланысты қысқа бағдарламаны қарайды. Бейнелер мен әуеніне қарап, сол сәттегі құбылысты және ортаны сипаттайды.
(Ө, Ж, Т) «Кім жылдам?»
Мақсаты: мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтауға, топтық жұмыс арқылы бір-бірінің көзқарасын бағалауға ортақ шешімге келуге дағдылану.
Тапсырма: Бейнежазба бойынша әрбір оқушы 2 зат есім жазуы керек. Жазған зат есімді жұбымен алмасады. Екінші оқушы зат есімге бейнежазба мазмұнына сәйкес етістікті жалғауы тиіс. Оқушылар құраған сөз тіркестері мен сөйлемдерді топта жинақтай отырып, салыстырады. Іріктеп алған сөйлемдерден мәтін құрастырады.
(Т) Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: Құрастырылған мәтіндер бойынша өзара кері байланыс жасау.
Әрбір топ құрастырған мәтіндерін өзара алмастырады. Топтар бір – бірінің мәтіндерін тексереді.
« Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін – бірі бағалайды.
Әрбір топ өз бағалауларын ұжым алдында оқиды. ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сиқырлы қорап жасаймын (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұшу аппараттары туралы не білемін? (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер бедері дегеніміз не? (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалардың ерекшеліктерін талқылау (3 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жер бедері деген не? 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жер бедері деген не?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]