Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл және сөйлеу не үшін қажет? (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл және сөйлеу не үшін қажет? (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім жайлы
Сабақ тақырыбы: Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Оқу мақсаттары: 1.4 Берілген тақырып бойынша мәтін құрау
2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша мәтін құрап айту
3.1 Мәтін түрлерін құрастырып жазу
2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
Сабақ мақсаттары: Тірек сөздерді қолданып,сөйлем құрастыра алады;
Тақырып бойынша мәтін құрастыра алады.
Сабақ барысы: Психологиялық дайындық
-Кел, жаныма тұр, сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
Өткенді қайталау
Өткен сабақта біз не туралы айттық? -Не естеріңде қалды?
Тірек сызбаны толтырайық.
... сөйлеседі
...
Тіл арқылы ...
...
...
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Мен жазда қалай демалдым?
Тапсырма:
А) оқушылар дайын кестелерді алып, он минут уақыт ішінде бірнеше баладан сұхбат алуы керек. «Бинго» әдісі.
В) ортаға жиналып, ақпаратпен бөліседі.

№ Оқушының аты-жөні Қайда? Кіммен? Қалай?
1
2
3
Айтылым. Тірек сөздерді қолданып, тізбектеп мәтін құру. Шеңберде тұрып, бір сөйлеммен ойды жалғастырады.
Оқушылар қолдарындағы сөздермен сөйлем құрастырады. Сөйлемдер байланысты болуы керек.
Тірек сөздер: жаз мезгілі, ыстық, демалады, күнге күйеді, шомылады, тереді, аулайды, көмектеседі, тереді, пайдалы
Жұптық жұмыс. /ауызша/
Оқушыларға сюжетті сурет беріледі. Оқушылар суреттегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін сипаттап, әңгімелеп айту керек.
Тапсырма: суреттегі іс әрекеттерді сипаттап айту.
Жазылым. Сюжетті суретпен жұмыс.
А) Оқушы бір суретті таңдайды.
В) Сюжетті сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрап жазады.
Тапсырма: «Автор орындығы» оқушы өзінің жұмысын оқиды. Басқа оқушылар баға береді. Жасыл немесе қызыл түсті көтереді. «Жасыл» - жұмыс ұнады.
«Қызыл» - жұмысты толықтыр.
Бір минуттық әңгіме. «Мен жазда қалай демалдым?» Өз кестесіндегі мағлұматпен баршаны таныстырып, ең қызықты деген оқиғаларын қысқаша әңгімелеп беру;......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым және достарым Өмірбаян жаза аламын (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме айтқанды жақсы көремін (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің киімін әшекей бұйымдарын суреттеймін (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тіл және сөйлеу не үшін қажет? 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Тіл және сөйлеу не үшін қажет?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]