Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақтақырыбы: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу
Оқу мақсаттары: 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;
Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазады; Өздері өлең құрастыра алады.я, ю әріптерінің емлесін сақтап жаза алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту
-Балалар не көріп отырсыңдар?
-Бір сөзбен не дейміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(МҚ,Ұ) Жұмбақ жасыру
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (Тіл)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.(Құлақ)
Көрші отырған көршілер
Бірін бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.(Көз бен мұрын)
(Ұ, Ө) «Өз жұбыңды тап» ойыны
Оқушыларға қима сөздер беріледі. Олар әр сезім мүшесінің ерекшелігін анықтап, табуы керек.
- көз–көру мүшесі;
- құлақ –есту мүшесі;
- мұрын –иіс сезу мүшесі;
- тіл–дәм сезу мүшесі;
- тері–ыстық пен суықты сезетін сипап сезу мүшесі;
(Ұ, Ө)Оқулықпен жұмыс
1/Өлеңді оқу
Сөздік жұмыс: Оқушыларға бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру:
щипалы-
дәмі тіл үйірер-
татымды-
-Өлең не туралы?
Балалар өздеріңнің жақсы көретін тағамдарын «өрік» сөзінің орнына қойып, оқиды.
(Ұ, Ө)Өлеңмен жұмыс
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
-Балалар, өлең не туралы?
-Әр сезім мүшесі туралы не айтылған?
-Не қосар едіңдер?
Оқушылар өздерінің пікірлерін айтып, өлеңді жалғастыруға болады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін? Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзіме киім үлгісін таңдаймын (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы не білемін? (2 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түлкі мен тырна (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]