Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяжайда №5 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяжайда №5 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Саяжайда №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Оқушылардың кейбірі:
оқыған материалдың мазмұнын өз түсінігі бойынша жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Балалар бос уақытында қандай іспен айналысатынын айтады.
- Сен бос уақытында немен айналысасың? Неге?
Қызығушылықты ояту
Жұмбақ:
Жайқалып тұр саяжай мен далада.
Ұнатады бұл гүлді, үлкен-кіші, бала да.
Атауында «қыз» деген тағы бар.
Ойландағы гүлді тауып ал.
(жауабы: қызғалдақ)
Сабақтың тақырыбын болжату
- Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады екен? (Саябақ)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазамын;
• жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтаймын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Саяжай –
көшет –
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын:
Тәуелдік жалғаудың жекеше және көпше түрі
Менің саяжай+ым,
Біздің көшет+іміз
1-тапсырма:
(Т) Мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында.
Мен демалыс күндерімді саяжайда өткіземін. Себебі, ата-анама көмектесемін. Әкеммен бірге бақшада көшет отырғызамыз. Анаммен бірге гүлдерге су құямыз. Содан кейін табиғатта демаламыз.
1. Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгіле.
2. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: жаз, саяжай, ата-ана, көшет, гүл.
Кері байланыс
Тапсырма пайдалы болды ма? ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Саяжайда №5 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Саяжайда №5

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]