Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су денсаулыққа пайдалы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су денсаулыққа  пайдалы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Су денсаулыққа пайдалы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3. Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1.мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеу, сипаттау мәтінін анықтау.
2.5. Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1.оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдеу.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін мазмұнын, өз пікірін жай сөйлеммен білдіреді.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің жанрын анықтап, оқыған мәтін бойынша өз ойын дәлел келтіріп айтады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың жағымды жақтарын анықтау
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі,....» бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты емес, мінез ерекшелігіне байланысты айту керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз.
Ой шақыру
Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.
- Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Судың түсі қандай?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтаймын
• Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікір білдіремін.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Балалар, суретке назар аударыңыз.
Бұл не? Жазда адамдар қайда демалады?
(оқушылар көп нүктенің орынына сөзді қойып,жауап беру керек)
Бұл ........
Жазда адамдар ........-да демалады.
Бұл не? Адамдар шөлдеген не ішеді?
Бұл .....
Адамдар шөлдегенде ...... ішеді?
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

(Ө) Оқылым мәтіні
Мәтінді түсініп оқы.
Әлібек жазда жағажайға барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық сусын ішті. Оның тамағы ауырып, дәрігерге барды.
Дәрігер:
-Суық сусын іштің бе?- деп сұрады.
Әлібек:
-Иә, суық сусын іштім,- деп жауап берді.
Дәрігер:
-Әрине, ауырасың. Суық сусын ішпе. Суды қайнатып іш. Су пайдалы,- деді.
Дәрігер Әлібекті емдеді.
-Балалар, мәтінде қай сөздер жиі қайталанады?
-Дұрыс айтасыздар, жағажай және сусын.
(Ұ) Ой қозғау.
 Мәтін не туралы?
 Әлібек қайда барды?
 Ол жағажайда не ішті?
 Дәрігер қандай кеңес берді?
 Балалар, бұл мәтін қай жанрға жатады?
Тұрмыс-салт па?, Мақал-мәтел ме?, әлде әңгіме ме?
Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, мәтін үш бөлікке бөлініп, топтарға таратылады.
Топ арасынан бір оқушы тағайындалып, топ ішінде мәтінді дауыстап оқиды, ал қалған оқушылар мәтінге қатысты 3 сөзді толықтырып жазып шығады.
1-топ
Әлібек жазда .............. барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық .......... ішті. Оның тамағы ауырып, ..... барды.
2-топ
Дәрігер:
-Суық ....... іштің бе?- деп сұрады.
Әлібек:
-Иә, ...... сусын іштім,- деп ..... берді.
3-топ
Дәрігер:
-Әрине, ауырасың. Суық ...... ішпе. Суды ...... іш. Су пайдалы,- деді.
Дәрігер ........ емдеді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су денсаулыққа пайдалы 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Су денсаулыққа пайдалы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]