Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Бұлақ және өзен
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздерді табады, үлгі бойынша тірек сөздермен мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында қолданады, үлгі бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында еркін қолданады, мәтінде шылауды орынды қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Бұл ойын түрі бір-бірін құрметтеуге баулиды.
Қызығушылықты ояту
«Екінші буынымды тап!»
- Көптік жалғауын жалғасаң көбейеді.
- Барыс септігін жалғасаң шомыласың.
- Зат есім жұрнағын жалғасаң ішесің.
- Сын есім жұрнағын жалғасаң суланасың.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• тақырыпқа қатысты тірек сөздерді таба аламын;
• тірек сөздерді орынды қолданамын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді меңгерту
(сөздерді дыбысталуы арқылы меңгерту)
Бұлақ – сарқырап ағады
Өзен – шуылдап тасиды
(мысалдармен бекіту)
1-тапсырма
(ЖЖ) «Пирамида» әдісі» бойынша жеңілден күрделіге қарай сөйлем құрастыр.
Қолданылатын сөздер: өзен, бұлақ, ағады, тасиды, сарқырап, шуылдап, таза, мөлдір.
Мысалы:
1. Бұлақ.
2. Таза бұлақ.
3. Таза бұлақ ағады.
4. Таза бұлақ сарқырап ағады.
1. Өзен.
2. Мөлдір өзен.
3. Мөлдір өзен тасиды.
4. Мөлдір өзен шуылдап тасиды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Бұлақ және өзен 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бұлақ және өзен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]