Қазақ тілінен сабақ жоспары: Таза бұлақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Таза бұлақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Таза бұлақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен мәтінді мәнерлеп оқып, үлгі бойынша жіктеу есімдіктерінің септелуін қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтінді мәнерлеп оқиды, жіктеу есімдіктерінің септелуін үлгі бойынша қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
мәтінді мәнерлеп оқиды, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салып, ортада бөліседі. .
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Ой шақыру
Сұрақ
- Суретте не бейнеленген?
- Бұлақтың суы қандай болады?
Сабақтың тақырыбын болжау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• мәтінді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи аламын;
• сөйлеуде жіктеу есімдіктерін ауызша қолдана аламын.
Мағынаны тану
Оқылым алды тапсырмасы:
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Бос орынға керекті сөзді жаз.
Дауыстап оқып, мазмұнын түсіндір.
1. .................... да сұрауы бар.
2. ................... тартылса құс қашар.
3. .................. көрсең көзін аш.
Керекті сөздер:
Судың, көл, бұлақ
Оқылым тапсырмасы:
(Т) Мәтінді мәнерлеп оқы. Кестені толтыр.
Атауы Кейіпкері Ойы Сен кімнің ойын қолдайсың?Неге?
Мәтін:
Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездесіпті. Бұлақтың суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Бұлақтың басына біреу үлкен тасты орнатып, тасқа жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп болған соң, жазуды оқиды.
Саудагер айтты:
- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйтіп бара үлкен өзен болып кетеді. Мен мұны былай түсінемін: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.
Екінші жолаушы молда екен:
- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы мынандай: бұл бұлақ бәріне көмектесуге дайын, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Осыдан қорытынды: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрады.
Жігіт айтты:
- Мен ойлаймын: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп түсіп, лай-қоқыс болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмайды; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта,- деді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Таза бұлақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Таза бұлақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]