Қазақ тілінен сабақ жоспары: 9-сабақ Музей қай көшеде? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 9-сабақ Музей қай көшеде? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 9-сабақ Музей қай көшеде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
1.Мәтінді мазмұндау.
2. Сұхбатқа қатысу.
3. Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастыру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады. Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады.
Оқушылардың кейбірі: сұхбат барысында сұхбаттасының ойын толықтырады.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттен нені көріп тұсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
1.Мәтінді мазмұндау.
2. Сұхбатқа қатысу.
3. Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастыру.
(МК, Ұ) 1. Сабақтың тірек (бұйым, сандық) сөздерін
суреттер, схема мен сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
БҰЙЫМ САНДЫҚ
Музейде көне бұйымдар сақталады. Мынау – сандық.
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.
Қайда? музейге
Қашан? ертең
Қандай? кішкентай
(Ө) Тыңдалым. Мәтінді екі рет мұқият тыңдайды.
• Берілген сөйлемдерді мұқият оқып, «дұрыс» немесе «бұрыс» картасын көрсетеді.
Орталық музей Назарбаев көшесінде орналасқан.
Музейде жаңа бұйымдар сақталады.
Сандықтардың бетінде ою-өрнек болмайды.
Сандықтар үлкен, кішкентай болады.
Кобдиша – үлкен сандық
• «Дұрыс/бұрыс» ойыны ойналады. Мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдеріңді жұбыңа жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
• Тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды.
Тірек сөздер: музей, орналасқан, бұйым, сандық, қобдиша.
Дескрипторлар:
- мәтіннің мазмұнына сәйкес дұрыс/бұрыс сөйлемдерді анықтайды.
- мәтінді мазмұндайды;
Оқушылар бас бармақ арқылы бірін-бірін бағалайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 13-сабақ Тасқа сурет салған бала (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мереке құтты болсын! №3 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 11-сабақ Қазақтың қаһарман ұлы (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 14 сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Қолөнер шебері (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 9-сабақ Музей қай көшеде? 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 9-сабақ Музей қай көшеде?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]