Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Қолөнер шебері (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Қолөнер шебері (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 8-сабақ Қолөнер шебері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу.
3. Кім?», «Қандай?», «Не істеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді топтастыру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табады.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірлерін айтады.
Сабақ барысы: Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу.
3. Кім?», «Қандай?», «Не істеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді топтастыру.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (алқа, тері, кілем) суреттер мен сұрақ-жауаптар арқылы меңгерту.
АЛҚА ТЕРІ КІЛЕМ
Алқаны күмістен жасайды.
Алқаны тағы неден жасайды деп ойлайсың? Теріден қамшы тоқиды.
Теріден тақы не тоқиды? Кілемді жіптен тоқиды.
Жіптен тағы не тоқиды?
(Ұ) Тыңдалым. Мәтінді 2 рет мұқият тыңдайды.
Берілген суреттер бойынша кестені толтырады.
Кімнің туған күні? Балнұр не істеді? Не сыйлады? Әнел не істеді?
«Өзіндік бағалау» әдісі: Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?
(Ж) Айтылым. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер: сыйлық, алқа, моншақ, тоқыды.
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескрипторлар:
 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
 Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
 Сөйлем құрылымын сақтайды. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 8-сабақ Қолөнер шебері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 8-сабақ Қолөнер шебері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]