Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қылқалам шебері №6 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қылқалам шебері №6 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Қылқалам шебері №6 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс оқиды, қолдау арқылы сұрақтар құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінді мәнерлеп оқиды, мәтін мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша пікірін айтады, ойын сауатты жеткізеді.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
Бір халықтың биі туралы(қимылдары) қысқаша ақпарат береді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
• Өлеңді мәнерлеп оқимын.
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
суретші, қылқалам
Тіл дамыту сұрақтары:
• Сурет салғанды ұнатасың ба?
• Қандай сурет салғанды ұнатасың?
• Сурет салу үшін қандай құралдар керек?
• Қандай суретшілерді білесің?
• Сыныбыңда кімдер сурет үйірмесіне қатысады?
(Ұ) Өлеңді мәнерлеп оқу
Сурет сабағы
Шіркін сурет сабағы
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын.
Туып-өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ,
Сары бояу -сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар армандап.
О.Әубәкіров
Сұрақтарға ауызша жауап береді.
 Сурет сабағы нені еске салады?
 Туған жердің суретін қалай бояйды?
 Қызыл бояу ненің белгісі?
 Жайлаудың суретін қай түспен бояйды?
 Автор сары түсті неге теңейді?
 Автор нені сағынады?
Өлеңді бірнеше оқушы мәнерлеп оқиды, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
(Ө) Оқылым. Мәтін мазмұнымен танысады.
Суретші ата
Әбілхан Қастеев атақты суретші болған. Ол ауылда өсті, сондықтан табиғаттың, жануарлардың суреттерін салды.
Әбілхан кішкентай кезінде өнер мектебінде оқыған.
Әбілхан анасына суреттер салуға көмектескен. Әбілхан атаның "Қарындастың портреті", "Автопортрет" деген суреттері бар.
Оқыған мәтін бойынша сөйлемдердің ретін анықтайды.
Сөйлемдер Реті(1,2,3)
1 Әбілхан атаның суреттері.
2 Әбілхан Қастеев - танымал суретші.
3 Өнер мектебі
(Ж) Мәтін мазмұны бойынша 2-3 сұрақ құрастырады.
Дескриптор:
 Мәтін бойынша сұрақ құрастырады.
 Сөйлем құрылымын сақтайды. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қылқалам шебері №6 сабақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қылқалам шебері №6 сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]