Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспаптар үні №3 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Аспаптар үні №3 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау
• Тірек сөздер мен суреттер қолданып, мәтін құру
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді мәтінде қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
(Ж) Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Жұпта отырған оқушылар бір-біріне мазмұнын айтады және бір-бірін пікір айту арқылы бағалайды.
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар.
Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
Жұмбақ
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.(домбыра)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
• Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырамын.
(МК, Ұ) Оқушыларға сұрақтар қою.
• Қандай музыкалық аспаптарды білесің?
• Ол қай халықтың аспабы?
Жаңа сөзбен жұмыс. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құру.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Қобыз – музыкалық аспап, домбыраға ұқсайды
Қобыз – көне музыкалық аспап.
Үн – дауыс, домбыраның үні, қобыздың үні
Қобыздың үні ерекше
Таныстырылым арқылы қазақ халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру.
(Ж) «Қай аспаптың үні?»
Аудиожазба арқылы аспаптардың әуенін тыңдайды, қандай аспап екенін анықтайды. Алдарына берілген карточкаға жауаптарын белгілеп отырады. Орындап болған соң, мұғалім дайын жауаптарды оқиды. Жұптар карточкаларымен ауыстып, қанша ұпай жинағанын айтады.
Мадақтау арқылы бағаланады(«Жарайсың!», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)
Топқа бөлу әдісі. «Жер сілкінісі» ойыны.
Оқушылар ортаға шығады. Мұғалім «жер сілкінісі» деген кезде барлығы араласып жүреді, «үй» деген кезде екі оқушы қолдарын жоғары созып, үйдің шатырын жасап тұра қалады, «үй астында 1/2/3 адам» деген кезде айтылған санға байланысты оқушылар үйдің астына кіреді. Ойынды 2-3 рет қайталап, соңғы айналымда сыныптағы оқушы санына қарай 3 топқа бөліп жібереді.
(Т) Мәтінді топта бірлесіп оқиды. Мазмұнын талдайды.
Оқылым мәтіні.
Жетіген, сазсырнай, дабыл, қоңырау, шертер, қобыз, асатаяқ, сыбызғы, сазсырнай – қазақ халқының музыкалық аспаптары. Аспаптарды саздан, ағаштан, темірден жасайды. Олар шертпелі, үрлемелі, ұрмалы аспаптар болып бөлінеді.
Домбыра, қобыз, шертер, жетіген шертпелі аспаптарға жатады. Оларды шертіп ойнайды. Сыбызғыны, сазсырнайды үрлеп ойнайды. Дабылды, асатаяқты ұрып ойнайды. Аспаптардың үні әртүрлі.
(Т) «Карусель» әдісі
Сыныпты үш топқа бөлу. Сыныпта 6 партаның үстінде сұрақтар жазылған қағаздар жатады. Әр топ қағаздағы сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазып, келесі партадағы тапсырмаларға жүре береді. Айналып жүріп барлық тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін, олар соңғы орындаған жұмыстарының жанына тоқтайды.
1. Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесің?
2. Аспаптар қандай материалдан жасалады?
3. Домбыра қандай аспаптар тобына жатады? (шертпелі/ ұрмалы/үрлемелі/)
4. Сыбызғыны қалай ойнайды?(үрлеп/шертіп/ұрып/)
5. Қай аспапты ұрып ойнайды?
6. Аспаптардың үні қандай?
7. Мәтін не туралы?
(Т) Жазылым.
Бір аспапқа жарнама жасайды. Мақсаты- аспапты сату. Шарты: рөлге кіріп сипаттайды. Мұғалім үлгісін көрсетеді.
Сипаттау мәтінінің үлгісі:
Мен шертермін. Мен ішекті аспаппын. Менде үш ішек болады. Адамдар мені шертіп ойнайды. Мен құмыраға ұқсаймын. Менің пішінім домалақ. Мойным ұзын. Менің үнім құлаққа жағымды.
Бағалау критерийі:
• тақырыпқа сәйкес сөздікті қолданады;
• сипаттау мәтінін құрады.
Топтар ұсынылған критерий арқылы бір-бірін бағалайды. Қай аспаптарды сатып алатынын айтады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 13-сабақ Бұл – Орталық музей (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 сабақ)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Іздеп көріңіз: