Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдалым материалын болжау
3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу
Сабақ мақсаттары:
• Тыңдалым материалын түсіну және жалғасын болжау
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, сұрақтарға жауап береді
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады .
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
«Балмұздақ таяқшалары» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Тыңдаған материалдағы кейіпкердің сөзін, жалғасын болжаймын.
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Күй- домбырада, қобызда орындалатын әуен, музыка
Күйші – күйді орындайтын адам
Аспап- домбыра, қобыз, жетіген – музыкалық аспаптар
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
 Ерекше күй, күй шығару, күйді орындау
 Күйшінің домбырасы, атақты күйші, күйшімен танысу
 Аспапта ойнау, музыкалық аспапты
(МК, Ұ) «Стоп-кадр» әдісі. Бейнематериалдан «Көне домбыра» мультфильмін көреді (5 минут).
https://www.youtube.com/watch?v=yMhRYhTsQxU
Мәтін бөліктерін тоқтату арқылы жалғасын болжайды.
• Ары қарай не болуы мүмкін?
• Алдар қалай алдайды деп ойлайсың?
• Бай не айтуы мүмкін?
• Немен аяқталады деп ойлайсың?
Көне домбыра мен қазіргі домбыраны салыстырып, айырмашылықтарын айтады (суреттерін слайдтан көрсету).
Мұғалім пікір айту арқылы бағалайды.
Кері байланыс
(Ө) Оқылым мәтіні
Домбыра - қазақтың ежелгі музыкалық аспабы. Домбырада күй ойнайды, әнді сүйемелдейді. Домбыра екі ішекті және үш ішекті болады.
Домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның негізгі мынадай бөліктері: басы, құлағы, шанағы, ілгегі, тиегі, ішегі бар. Домбырамен күйшілер күй шығарған.
Мәтіннің мазмұны бойынша кестені толтырады.
Сөйлемдер Шын Жалған Айтылмаған
1 Домбыра ежелгі аспап.
2 Домбыраның жеті ішегі болады.
3 Домбыра ағаштан жасалады.
4 Домбыра әрбір қазақтың үйінде бар.
5 Домбырада күй орындайды.
6 Күйшілер би билейді.
8 Домбыраны қайың ағашынан жасайды.
9 Домбырада тиек болады.
10 3 ішекті домбыра да болады.
Әр оқушы тақтадан дұрыс нұсқаны көріп, тексереді, бағалайды.
Өзін-өзі бағалау
 Мен толық түсіндім (9-10 балл).
 Мен жақсы түсіндім(7-8 балл).
 Мен орташа түсіндім (5-6 балл).
 Мен дұрыс түсінбедім(3-4 балл).
 Мен түсінбедім(0-2 балл)..
(Ұ, Ө) Н.Тлендиевтің «Баламишка» күйін тыңдайды.
• Күй сендерге ұнады ма?
• Күйді орындаған адамды білесіңдер ме? (Н.Тлендиев кім екенін айтып кету)
• Сазгерге қандай сұрақ қояр едіңдер?
Әр оқушы сазгерге бір сұрақ жазады. Мұғалім оқушылардың «Ең қызықты сұрақты» анықтап, баға беретінін ескертеді. Соңында оқушылар «Ең қызықты сұрақты» таңдайды.
(Ө) Жазылым. Сыңарын тауып, дәптерлеріне жазады.
Қабілеті жоғары оқушы сөйлем құрып жазады.
Қос ішекті өнер
музыкалық шығару
Ұлттық домбыра
Домбыраның аспап
Күй құлағы. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]