Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жаман» деген немене? № 2 (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жаман» деген немене? № 2  (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: «Жаман» деген немене? № 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады, суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда сөйлемдегі грамматикалық нормаларды, сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз пікірімен толықтырады.
Сабақ барысы: Психологиялық жағымды ахуал тудыру: «Жылулық шеңбері»
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады, жылы тілектерін айтады.
Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтамын;
- суреттердің көмегімен мәтін құрастырамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Жалқау, ерке, жаман, таста.
Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгереді, сөйлемдер құрастырады.
Жаңа сөз Мағынасы жақын сөз Мағынасы қарама-қарсы сөз
Жалқау Еріншек Еңбекқор
Ерке Тотай Ерке емес
Жаман Нашар Жақсы
Жалқау бала сабаққа кешігіп келеді. Мен жалқау емеспін. Мирас - ерке бала, ол ойыншықтарын шашып тастайды. Жаман әдеттен аулақ болу керек.
(Ұ) Грамматикалық қоржын.
Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Кезектесіп сөз орамдарына жалғауларды дұрыс байланыстырып айтады.
І қатар ІІ қатар
Мен жалқау+мын Жоқ, мен жалқау емес+пін
Сен жалқау+сың Жоқ, сен жалқау емес+сің
Сіз жалқау+сыз Жоқ, сіз жалқау емес+сіз
Ол жалқау Жоқ, ол жалқау емес.
Енді рөлдерімен ауысады.
Мен ерке+мін Жоқ, мен ерке емес+пін
Тыңдалым.
Тыңдалымалды сұрақтар:
* Жалқау бала деп кімді айтамыз?
* Жалқау болу жақсы әдет пе, жаман әдет пе?
Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі.
(Ұ) Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Суретті пайдаланып (оқулық, 40 бет), мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Жалқаубек – жалқау бала. Ол өте ерке. Түске дейін ұйықтайды. Бөлмесіндегі заттарды шашып тастайды. Ата-анасының тілін алмайды.
Дескриптор:
- мәтінге тақырып қояды;
- мәтінді мазмұндайды;
- суретке сүйенеді;
- мазмұндау барысында тілдік нормаларды сақтайды.
(Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Оқушылар шағын 3 топқа бөлінеді. Диаграмманы толтырып «Жаман» деген сөзді сипаттайды, өз пікірлірен дәлелдейді.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім комментарий беру арқылы кері байланыс береді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Жаман» деген немене? № 2 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Жаман» деген немене? № 2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]