Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (2-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мен де сәулетші боламын (1)
Оқу мақсаттары:
3.3.4.1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (не? қандай? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызекі сөйлеуде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Жаңа сөздерді қолданып, Әлібектің үй тапсырмасын толықтырып оқиды және мазмұнын айтады.
Сабақ барысы: «Мағынаны таны» стратегиясы
«4 картина – 1 сөз» ойыны – 2 минут
Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)
Сәулетші не істейді? Сәулетшінің құралдары нелер? Сәулетші қандай ғимараттардың жобасын жасайды?
Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (100-бет)
Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
Грамматикалық минимум: көмекші сөздер: сырты, төбесі
Есте сақта!
үй+дің
сырт...
төбе...

+сі Үйдің сырты әдемі.
Кесененің төбесі жаңа.
ғимарат+тың
кесене+нің
Мұғалім кестедегі сөздердің тіркесу жолымен таныстырады.
1-тапсырма. Жаңа сөздерді қолданып, Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту
Мұғалім оқушылар назарын оқулықтың 100-бетіндегі 2-суретке аударады. Дәл осы сурет интербесенді тақтада да тұрады. Оқушылар сурет пен жаңа сөздерді қолданып, мұғалім сұрақтарына жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» тәсілі арқылы жүзеге асады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар жаңа сөздердің мағынасы мен қолданысын меңгереді, көмекші сөздерді (сырты, төбесі) орынды қолданады.
Бұл не?
Оның сырты қандай?
Оның қабырғасы қандай?
Оның төбесінде не бар?
Оның мұнарасы қандай
мұнара꞊төбесі
қабырғасы꞊сырты
2-тапсырма (оқулықтағы 3-тапсырма). Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастыру және жауап беру
Тапсырманы орындау «Даналық ағашы» ойыны арқылы жүзеге асады.
1) Оқушылар мәтінді оқиды.
2) Мұғалім таратып берген қағаз қиындысына әр оқушы 1 сұраулы сөйлем құрастырып жазады және сандыққа (қорапқа) салады.
3) Сандықтағы (қораптағы) сұрақтар жақсылап араластырылады.
4) Әр оқушы 1 сұрақты алып оқиды және жауап береді. (Сұрақтардың қайталануы мүмкін. Бұл ақпаратты бекітуге көмектеседі.)
5) Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асады.
3-тапсырма (оқулықтағы 5-тапсырма). Әлібекке үй тапсырмасы берілді. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтінді толықтыруы керек. Жаңа сөздерді қолданып, Әлібекке үй тапсырмасын жасауға көмектесіңдер (толықтырып оқыңдар).
Бұл – Қожа Ахмет Яссауи ................ . Ол Түркістан қаласында ....................... . Кесененің қабырғалары ................. . Кесененің .................... 2 мұнара бар. Мұнараның ............... көк. Кесененің ............... ою-өрнектер бар. Кесененің ................... әдемі.
Керекті сөздер: қабырғалары, қабырғасында, төбесінде, сырты, қоңыр, орналасқан, кесенесі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сәулет өнері (ОМЖ бойынша 1-сабақ) (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жеод» кинотеатры (ОМЖ бойынша 8-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әкем – сәулетші (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мен де сәулетші боламын (1) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мен де сәулетші боламын (1)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]