Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әкем – сәулетші (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (1-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Әкем – сәулетші
Оқу мақсаттары:
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану;
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөйлеу барысында берілген тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттер мен сөздерді сәйкестендіру барысында «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді.
Оқушылардың кейбірі:
Берілген сөздерді мағынасына қарай тіркестіріп, сөйлемдер құрастырады және «Сәулетші» мәтінін құрап айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіру – 2 минут
Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)
Бұлар кімдер? Олар не істейді?
Бұл не? Ол қандай?
Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (96-бет)
Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма. (оқулық, 96-бет) Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беру барысында тірек сөздерді орынды қолданады. (6 минут) құрылыс
құрылысшы
ғимарат
көпқабатты
жаңа
Бұл не? (құрылыс) Бұл кім? (құрылысшы) Неше құрылысшы бар? (3 құрылысшы бар) Бұл не? (ғимарат) Ол қандай? (жаңа, көпқабатты)
Мұғалім топтарға сурет пен тірек сөздері бар үлестірмелі қағаздарды таратып береді. Тапсырманы орындау жолын түсіндіреді. Оқушылар әр сөзді сәйкес суретпен бағыттама (стрелка) арқылы қосады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Топтардың тапсырманы орындауына 4 минут, топтық жұмысты қорғауына 1 минут беріледі.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
2-тапсырма. (оқулықтағы 5-тапсырма) «Мина» ойыны – 10 минут
1) Мұғалім топтарға келесі үлестірмелі қағаздарды таратып береді:
2) Оқушылар топтарда сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді (5 минут)
3) Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.
4) Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
3-тапсырма – 11 минут (оқулықтағы 6-тапсырма, 99-бет) «Өз жұбыңды тап» ойыны
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.
1) Жұптасқан оқушылар өз сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрастырады.
2) Сәулетшіге қатысты сөздері бар жұптар «Сәулетшілер» тобына, құрылысшыға қатысты сөздері бар жұптар «Құрылысшылар» тобына бірігеді және «Құрылысшы» / «Сәулетші» тақырыбына шағын мәтін құрып айтады. Мысалы: Әкем – құрылысшы. Ол үй жасайды. «Апорт» сауда үйін құрылысшылар жасады.
3) Бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады.
Дескриптор:
1. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырды.
2. Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, берілген сөздермен сөйлем құрастырды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сәулет өнері (ОМЖ бойынша 1-сабақ) (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 2-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім) ++++ сурет
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үйдің қабырғасы неден жасалған? (ОМЖ бойынша 3-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс мәдениеті №1 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Іздеп көріңіз: