Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Нәтиже сабақ  Мен не үйрендім (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім
Осы сабақта қолжеткізілетіноқумақсаттары: 3.2.1.1 *берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
3.4.1.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқылған, тыңдалған материал бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқылған, тыңдалған материал бойынша өз ойын айта алады.
Оқушылардың кейбірі:
Өз көзқарасы бойынша пікірін дәлелдейді.
Сабақ барысы: Оқушылар сабақтың басында шеңбер құрып,
«Көбелек» жаттығуын орындайды.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, — ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы»
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Айтылым, жазылым бойынша тапсырмаларын орындаймыз. Суреттермен жұмыс жасаймыз, сұрақтарға жауап береміз, күн тәртібін қайталаймыз.
Айтылым. 1-тапсырма.
«Бұршақты қап» әдісі арқылы сұрақтар қою. Әр оқушыға бір сұрақ қойылып, қап лақтырылады. Оқушы қапты қағып алу керек, сұраққа толық жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, бұршақты қап басқа оқушыға қойылады.
-Сен демалыс күні не істейсің?
-Демалыс күні қай күн?
-Сен таңертең нем істейсің?
-Түстен кейін не істейсің?
-Сен кешке не істейсің?, т.б.
Жазылым. 2-тапсырма.
Әр оқушыға сағат, күн тәртібі бейнеленген кеспе беріледі. Оқушылар әр сурет бойынша өз күн тәртібіне байланысты 1 сөз тіркесін немесе 1 сөз жазады.
Дескриптор:
-әр уақытқа 1 сөз тіркесін немесе 1 сөз жаза алады;
-өз күн тәртібін жаза алады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Нәтиже сабақ Мен не үйрендім 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Нәтиже сабақ Мен не үйрендім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]