Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жылдың төрт мезгілі (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жылдың төрт мезгілі (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3-бөлім. Уақыт.
Сабақ тақырыбы: Жылдың төрт мезгілі.
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары: 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2.2.1* берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісі бойынша кесте толтырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер «Жүректен - жүрекке»
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады
Мен бәріңе денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе сәттілік тілеймін! және т.б.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжайды.
Ал, енді менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріңдер.
1.Бұл суреттерді не біріктереді?
2.Жыл мезгілдері деген не?
3.Бір жылда неше мезгіл бар?
4.Қандай мезгілдер атап беріңдер.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;
- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Жыл, төрт, жыл мезгілі, тәулік
1.Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру;
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ж) Оқылым. Айтылым.
Тыңдалым алды тапсырма.
Суретке қарап, мәтін не туралы болатынын болжап айт, суреттегі тірек сөздерді пайдалан.
Дескриптор:
- суретті қолданып, мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- жалғауларды дұрыс байланыстырады.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.
Сөйлемдерді дұрыс құра
1. Бұл ертегі жыл мезгілдері 2. Жыл ақсақалдың екі ұлы, екі қызы
3. Олар:
4. Жыл ақсақал оларға 12 айды болады. туралы. Көктем, Жаз, Күз, Қыс.
бөліп береді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Суретті және берілген тірек сөздерді пайдаланып айт.
Тірек сөздер: Жыл ата, екі ұлы, қызы, он екі ай, бөліп беру.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателер болды.
- тапсырманы орындау қиын болды.
(ЖЖ) Оқылым. Айтылым. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар шағын диалогті оқиды. Жаңа сөздерді табады, сөз орамдары мен сөйлемдер құрастырады. Мәтіннің мазмұны бойынша кестені толықтырады.
Бір жылда
... мезгіл ... ай ... тәулік ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жылдың төрт мезгілі 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жылдың төрт мезгілі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]