Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жайлауда (жаз туралы) (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жайлауда (жаз туралы) (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Уақыт
Сабақтың тақырыбы: Жайлауда (жаз туралы)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: тыңдаған фразадан кейінгі оқиғаны болжап айтып бере алады.
Көпшілігі: тыңдаған фразаны талдап, өз ойын білдіре отырып жалғастырып айтып береді.
Кейбірі: тыңдаған фразадағы оқиғаға баға беріп, соңын дәлелдер келтіре отырып болжап айтып бере алады.
Сабақ барысы: Жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
«Ыстық алақан»
Оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін білдіреді.
«Болжау» стратегиясы. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжайды.
• Суреттерде нені көріп тұрсың?
• Бұл қай мезгіл?
• Оны қандай белгілерге қарап білдіңдер?
• Осы мезгілге дейін қандай мезгіл болды?
• Кейін қандай мезгіл келеді?
Сабақтың мақсатын таныстыру.
* тыңдаған фразадан кейінгі оқиғаны болжап айтып береміз.
(МК,Ұ) Жаңа сөзді меңгерту. Сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Ерте
Таңертен ерте тұру.
Жазда күн ерте шығады. Мен таңертен ерте тұрамын.
(Ө) Оқылым, жазылым. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына -а, -е, -й тиістісін қойып жаз.
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің
ауылына қыдырып бар...ды. Олар ерте тұр..ды, аталарына ауланы тазартуға көмект..седі. Арман мен Нұрлан түстен кейін атасымен көлге бар..ды. Балық аула...ды. Көл жағасында доп ойна..ды..
Бағалау критерийі:
- Тиісті жалғауларды дұрыс тауып қояды.
- Сауатты, көркем жазады.
- Бас әріп пен кіші әріптердің көлбеулігін сақтап жазады.
Тапсырма жеке орындалады. Топта бір-біріне оқып толықтырады.
«Диірмен» әдісі арқылы топтың жұмысы бағаланады.
(Т,Ұ) Тапсырма
Берілген үзіндіні мұқият тыңдайды. Мәтіннің басы мен соңғы
бөлігін болжайды. «Пирамиданың» сыртқы бөлігіне өз нұсқасын
жазады.
Біз суға шомылдық. Өзен жағасында доп ойнадық. Қайықпен
өзеннің екінші жағасына жүзіп бардық. Ол жақта бөтелкелер,
қағаз қалдықтары мен басқа да қоқыстар шашылып жатыр екен.
Біз ....
Топта талқылай отырып, «Пирамиданың» ортаңғы бөлігіне топпен
құрастырған нұсқаны жазып, мәтіннің мазмұнын айтады.
Дескритор:
˗ оқиғаның басы мен соңын болжап жазады;
˗ топта ортақ мәтін құрастырады;
˗ мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
˗ мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Тапсырманы «Галерея» әдісімен бағалайды.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жайлауда (жаз туралы) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жайлауда (жаз туралы)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]