Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көктем кереметтері (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көктем кереметтері (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Көктем кереметтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған шағын мәтін мазмұнын жиі қолданатын сөздер арқылы түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
1. «Дос достыққа» тернингі
Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық жаттығуды орындайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:
Оң қол оң қолмен!
Мұрын мұрынмен!
«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.
Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.
Оқушылардың зейінділік қабілетін ұштауға болады.
Ой шақыру
Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.
- Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?
Суреттен көрген құбылысты сөз және сөз тіркесімен жазып шығыңыз.
Мысалы: бәйшешек, қар ериді, көк аспан
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Оқушылар назарына сурет беріледі. Сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында суретте бейнеленгенді кестеге сөзбен толықтыр.
№1 - тапсырма
Жауабы: ұя, жылға, құс
№2 –тапсырма
жиі- үзбей, үнемі әрдайым
Мысалы: Мен жиі қалаға барамын
Слайд арқылы ұя, жылға, құс деген сөздер суретімен шығады.
Кері байланысты «Шапалақ» әдісі арқылы бере аласыз.
(Ө) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді белгіле.
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Алғашқы бәйшешек пайда болды. Балалар құстарға ұя жасайды. Суға қайық жіберіп ойнайды. Құстар ән салды. Көктем мезгілі тамаша! Көктемде Наурыз мерекесін тойлаймыз.
(Ұ) Ой қозғау
 Мәтін не туралы?
 Қай мезіл сипатталады?
 Балалар не жасайды?
 Жылғаларға не жібереді?
 Көктемде жиі не болады?
Дескриптор:
 жаңа сөздерді таба алады;
 Мәтін мазмұнын түсінеді;
Грамматикалық қоржын
(Ұ, МК) -а,-е,-й көсемше
Мысалы: Ол мектепке бара ма? .
- бар – түбір сөз, етістік
- а - көсемше
Мен домбырада ойнаймын.
Ойна- түбір сөз, етістік
-й – көсемше
-мын жікітік жалғауының І жағы
(ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс
Тапсырма: Тірек сөздерді қолданып, суретті сипаттап жаз. Етістікке –а, -е,-й қосышасын жалға.
Адамадар немесе балалар не істейді?
Үлгі:
Мысалы: Көктемде балалар ұя жасайды. (-й)
Балалар аула жинады. (-а)
Тірек сөздер: тазалайды, қопсытады, көмектеседі, жинайды, ағашты күтеді.
Дескриптор:
• Тірек сөздерді орынды қолданады;
• Суретті сипаттап жазады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Көктем кереметтері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Көктем кереметтері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]