Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сағат жетіде тұрамын (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сағат жетіде тұрамын (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Сағат жетіде тұрамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тірек сөздерді қолдана отырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде қосымшаларды орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдап, сан жазылған парақшаларды айналып жүреді. Қолында жалаушасы бар оқушы әуен тоқтаған кезде қай парақшаның қасында болса, сол парақшада жазылған санмен сөйлем құрастырады.Сонан соң ол жалаушаны келесі оқушыға тапсырады. Мысалы:
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және
мақсатымен таныстыру.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Таңертең, жарым, жуыну, жаттығу жасау
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Таңертең тұрамын. Бір жарым.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Мен таңертең ас ішемін. Сағат бір жарым болды.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.
(Ж) Оқылым.Айтылым. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту
Суреттегі мәтінді оқып, әңгіме құрастырады. Өз ойларын толықтырады.
(Ж) Тыңдалым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.
Сұраққа жауап береді.
- Әлібек нешеде тұрады?
- Ол не әстейді?
Дескриптор:
- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелейді;
- таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.
(Ж) 2-тапсырма. Оқылым.Айтылым. Мәтінді 2 рет оқып, содан кейін оқулықты жаптырып тастап, берілген сызбаны толықтырады. (сызба тақтада көрсетіледі)
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнын анықтайды;
- сызбаны нақты орындайды
(Т) 4-тапсырма. Айтылым. Суретпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, суреттерді әңгімелейді. ...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Сағат жетіде тұрамын 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Сағат жетіде тұрамын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]