Сауат ашудан сабақ жоспары: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» (1 сынып, 8 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары»
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) О1 Ақпаратты түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебін түсіндіреді.
Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
1) Оқушылар тұрып, бір-біріне қарап айтады. Сәттілік тілейді.
-Кел, жаныма тұр, сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
Оқушылар қарсы тұрып, басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді.
1- барлық
2- істе
3-саған
4-сәттілік
5-тілеймін
6-алақандарын қосады -РАХМЕТ!
1) Мына сурет бойынша не айтуға болады?
2) Суреттегі заттар бойынша сөз тіркесін құраңдар?
Мысалы: теннис ойыны, шаңғы тебу, футбол ойнау,суда жүзу.
3) Құраған сөз тіркестерінен ішінен 2 сөйлем жазыңдар?
Мысалы: Мен теннис ойынын жақсы көремін. Димаш пен Асан демалыс күндері футбол ойынын ойнады.
“Ой шақыру” стратегиясы
Сендердің ойларың бойынша Қазақстанда спорттың қай түрі жақсы дамыған?
Қазақстанды Олимпиада кезінде әлемге танытқан атақты боксшыларды атаңдар?
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы?
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары
Мақсаты:
 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді.
 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Жетістік критерийлері:
 мәтін түрлерін біледі және ажырата алады.
Ой қозғау. Сұрақ-жауап
 Бокстан басқа Қазақстанда спорттың қандай түрлері жақсы дамыған?
 Қандай қазақ спортшыларын білесіңдер ?
 2012 жылы Лондонда қандай олимпиада өтті?
(Халықаралық Олимпиада комитеті 2012 жылы жазғы Олимпиада ойындары Лондонда өтеді деп жариялады)
 Біздің қалада спортпен айналысу үшін қандай жағдайлар жасалған?
 Қазақстан спортшылары онда қандай жетістіктерге жетті?
(7 алтын,1 күміс, 5 қола жүлдеге иеленіп, жалпы командалық 12 орын алды
Ауыр атлет-Ольга Рыпакова, Александр Винокуров-велоспортшы, зілтемірші-Илья Ильин, Серік Сапиев; Әділбек Ниязымбетов-бокшылар,Майя Манеза , Зульфия Чиншанло)
Топпен жұмыс:
І топ Дәулет Тұрлыханов туралы мәтін оқып, топта талдау жасау,мәтін ішінен сан есім сөздерді тауып жазу.
Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері. Ол 1987 жылы Европа қубоктарының жеңімпазы. 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері. 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресіне ыңтасын оятқан әрі бапкер, әрі тәрбиешісі әкесі Болат Тұрлыханов болған. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында, Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Оның шәкірті Юрий Мельниченко Олимпиаданың жүлдегері болды.
2-топ Жақсылық Үшкемпіров туралы оқу, мазмұны бойынша диалог құру.
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы туған. Бірінші қазақ спортшысы, Олимпиада чемпионы. 1980 ж. XXII Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бір неше рет греко – рим күресінің жеңімпазы,1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 ж Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.
Ол Қазақ мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушcы. 1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан рәсми түрінде шығарып салды.1984 жылдан бастап республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ еңбек сіңірген жаттықтырушысы » атағы берілді.
3-топ Бекзат Саттарханов туралы оқу, мәтін бойынша сұрақ дайындау.
Бекзат Саттарханов – қазақтың әуесқой боксшысы,Сидней олимпиадасының чемпионы, Қазакстаға еңбек сіңірген спорт шебері.1980 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаныңда, Шымкент қаласының жанында автокөлік апатынан қаза болды. Бүгін де Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені бар. Алматы қаласында көше аты берілді.Спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. Режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірді. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін арнап жазды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа «Барыс» орденін табыс етті.
4-топ Бахтияр Артаев туралы мәтінді оқу,жетістіктерінің астын сызу:
Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бахтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
5-топ «7 сұрақ» сұрақтарға жауап беру:
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 2011 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
4) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
5) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
6) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подобедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Чиншанло).
7) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларың білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).
Спорттың түрлерін ажырату:
Жазғы спорт түрлері:—————— Қысқы спорт түрлері:
• 1. Велоспорт ————————- 1. Биатлон
• 2. Ат спорты ————————- 2. Тау шаңғысы спорты
• 3. Жеңіл атлетика —————— 3. Шаңғы жарыстары
• 4. Гольф —————————— 4. Мәнерлеп сырғанау
• 5. Теннис —————————– 5. Сырғанау.
• 6. Футбол —————————– 6. Хоккей
• 7. Суда жүзу ————————- 7. Шорт – трек....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]