Сауат ашудан сабақ жоспары: Қызықты ертегілер мен әңгімелер оқимын (1 сынып, 7 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Қызықты ертегілер мен әңгімелер оқимын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Сабақ мақсаттары: Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз.
Сабақ барысы: (Ұ)Психологиялық ахуал:
Мақсаты: Жағымды көңіл-күй орнату
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...
/оқушылар хормен әндетіп айтады/
«Оңтүстік,солтүстік полюс» арқылы өткен сабақты қайталау.
«Жасырынған тағамды тап» ойыны
Ойынның шарты:
Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай сұрақтар қояды:
- Ол тағамның пішіні дөңгелек пе?
- Ол тағам төменгі қатарда орналасқан ба ? т.с.с.
Осылайша, оқушының іштей жасырған кестедегі бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жасырынған тағам - нанның суреті болуы керек.
(Т)ББҮ кестесін толтыру. Нан туралы не білесіңдер?деген сұрақ қойылады.
Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?
Әр топтың жауабы тыңдалады.
-Дастарханға нан қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар?Оқушылардың ойларын тыңдау.
-Бүгін біз «Бір үзім нан» деген ертегімен танысамыз.
Бір үзім нан.
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмбе нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Топтық жұмыс
Топтың ережесі:
1.Бір-бірін мұқият тыңдау.
2.Біреудің айтқанын қайталамау
3.Тақырыптан ауытқымау.
4.Топта кезектесіп сөйлеу.
5.Сабаққа белсенді қатысу.
1-топ
Бай қандай адам? /сипаттама беру/
2-топ
Кедей қандай адам? /сипаттама беру/
3-топ
«Бір үзім нан» сөзінің мағынасын түсіндіру.
4-топ
«Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» халық даналығын түсіндіру.
5-топ
Ертегінің соңы немен аяқталды?
Шығармашылық жұмыс. (қосымша тапсырма)
Кейіпкерге қарапайым сөздерді қолдана отырып, шағын хат жазу, оны өздері таңдап алу.
1.Байға хат жазу.
2.Кедейге хат жазу. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме оқу (1 сынып, 7 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу (1 сынып,3 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер жазу Сс дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер оқу Ыы дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Мәтін құрастыру (1 сынып, 8 бөлім )

Іздеп көріңіз: