Сауат ашудан сабақ жоспары: Ұлттық ойындар туралы түсінік Ойын ережесі (1 сынып, 6 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Сабақ мақсаттары: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.
Сабақ барысы: Таңғы шеңбер
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде 3 рет
Би билеймін дөңгелеп.
-Өлең не жайында?
Сабақтың мақсаты: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.
1. (ТЖ) «Істеп көрсет» стратегиясы.
Мақсаты: оқығанды түсіну және ойын ережесін іс-жүзінде көрсету.
Нұсқаулық:
- мәтінді оқы және түсін;
- ережені талқыла;
- ортаға шығып көрсет;
1) Күш сынаспақ
Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын үстелге тіреп, қол айқастырады.Кім білекті үстелге жықса, сол бала жеңіске жетеді.
Тауық күрес.
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір ойыншы кезекпен шығып отырады. Екі бала жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарын қағып күреседі. Қайсысы сүрініп жығылса,сол ұтылады.
Арқан тарту.
Бұл ойын екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Арқанды тартып алған топ жеңеді.
Соқыр теке.
Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзін байлайды.
Балалар:
Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Соқыртеке балаларды ұстап алуы керек .Соқыртеке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыртеке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Тасымақ.
Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Суды қарсы жақта тұрған бос кесеге ойыншылар қасықтап тасиды. Суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек. Суы көп жиналған және бірінші болған топ жеңіске жетеді.
(ҚБ) Әр топ ойынды кезекпен көрсетеді. Шапалақ соғу арқылы бағаланады.
(Ө) Бүгінгі ойын атауларын дәптерге жазу.
Тапсырмалар
1.Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз: тез-..., жеңілу-..., бос-....
2. Мыны сөздерге мәндес сөздерді тауып жаз: шапшаң, төгу, көп......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Ойын ережесін құру (1 сынып, 6 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )

Іздеп көріңіз: