Сауат ашудан сабақ жоспары: Батыр Бауыржан (1 сынып, 6 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Батыр Бауыржан
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары:1.1.9.2. Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.3.8.1. Сөз, сөйлемін, мәтінді мұғалім көмегімен (үлгі, талдау, т.б ) тексеру және қателерді түзету.
1.3.9.3. Мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Бауыржан туралы мәтін бойынша сөздердің мағынасын түсінеді және дыбысталуын ажырата алады. Сөздерді мұғалімнің көмегімен тексеріп, қателерін түзей алады. Мұғалімнің көмегімен тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі: Мәтіндегі сөздердің мағынасын ажырата алады және жаңа сөздер құрастыра алады. Сөйлемдерді мұғалімнің көмегімен тексеріп, қателерін түзей алады.Мәтіннен тасымалдауға болмайтын сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар:Мәтіндегі сөздерден жаңа сөздер жасауда дыбыстарды алмастырып, ұйқастарды келтіріп ауыстыра алады.Мәтін бойынша қателерді өз бетімен таба алады. Сөздерді дұрыс тасымалдап жаза алады.
Сабақ барысы: Оқушыларға оқу мақсаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі сабақта:
дыбыстардың сөздегі атқаратын рөлімен танысасың;
қателерді түзетеміз;
тасымалдауға болмайтын сөздерді табамыз.
«Ой қозғау» әдісі пайдаланылады.
Оқушыларға батыр Бауыржанның суреті көрсетіледі. Сұрақ қойылады.
Балалар, бұл кім? Кім деп ойлайсыңдар?
(МК) Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз? Оқушылардан сұрап, қысқаша мәлімет беріледі. Бауыржан – ҰОС қатысып, елімізді жаудан қорғаған батыр, Халық Қаһарманы. Бүгін біз батырдың бала кезінен үзінді оқимыз.
Мұғалім мәтінді оқып шығады. Оқушыларға мәтінді оқу тапсырылады.
Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Жеті жылдық білім алып, біраз уақыт мұғалім болып қызмет істеді.
Халық батыры Бауыржан Ұлы Отан соғысында дарынды қолбасшы болған. Ер жүрек, батыл, қаһарман бабамыз атақты жазушы еді.Халық оны шын мәнінде қаhарман батыр деп таныды. Себебі - ол биік тұлға.
- Балалар, бүгін мен сендермен осы мәтін бойынша ойындар ойнаймыз, жаттығулар орындаймыз. Тасымалдауға болмайтын сөздермен теріп жазамыз. Енді осы сендердің жасаған жұмыстарыңды бағалау керек қой. Мен ол үшін сендерге мынадай бағалау парағын дайындап әкелдім.
Экраннан бағалау парағының үлгі нұсқасы көрсетіледі.
Оқушылардың әрқайсысына бағалау парағы ұсынылады. Әрбір тапсырма орындалып болған соң оқушы бағалау критерийіне сай графаға «құстұмсық» белгісін қойып отырады.
Бағалау парағы
4 – 7 сөз 3 – 1 сөз
«Жаңа сөз» ойыны
5 – 3 қате 2 – 1 қате
Қатесін тап
6 – 4 сөз 3 – 1 сөз
Тасымалдауға болмайтын сөздер
Ойын «Жаңа сөз»
Оқушыларға мәтіннен асты сызылған сөздерді тауып танысуға уақыт беріледі. Асты сызылған сөздердің бір дыбысын өзгерту арқылы жаңа сөз жасау тапсырмасы беріледі.
Өзгертуге ұсынылған сөздер: ер, жүрек, батыр, жазушы, халық.
Қатесін тап
Оқушыларға мәтін бойынша сөйлемдер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Жазылған сөйлемдерде қателіктер жіберілген. Оқушылар алдарындағы мәтін мен карточканы сәйкестендіре отырып қателерін табуы керек. Мұғалім дұрыс нұсқасын оқиды, ал оқушылар қатесін тауып, түзеп айтулары керек.
Халық батыры Батыржан Ұлы Отан соғысында дарынды жолбасшы болған. Ер күрек, батыл, қаһарман баламыз атақты қазушы еді.
Дәптермен жұмыс.
Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді тауып оқы.Тасымалданбайтын сөздердің астын сызып көрсет.
Оқушылар мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді дәптерге жазады.
Рефлексия.
Сөздегі бір дыбыс ауысып кетсе, қандай өзгеріс болады?
Сөздерде қандай қателерді таптық, ол қателер сөзге қалай әсер етті?
Мәтінде қандай тасымалдауға болмайтын сөздерді таптық, оларды неге тасымалдауға болмайды екен? .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім Кітапханада Уақыт (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім Сынып бөлмесі (1 сынып, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім Оқу құралдары (1 сынып, 2 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік – идеяны түсіну №3 (1 сынып, 5 бөлім )

Іздеп көріңіз: