Сауат ашудан сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Cаяхат»
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Саяхаттау арманым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
«Комплименттер бұрқасыны» Оқушылар 1-2 минут ішінде бір парақ қағазға өздерінің сыныптастарынан естігісі келетін сөздерді жазады. Жазып болған соң, оқушылар бұл парақты умажадап қармен атысқандай бір-біріне лақтырады.Содан кейін бір -бірден қар домалағын шеңбер бойында тұрып оқиды.
ОМ анықтап алу
өлеңді өтірік өлеңге өзгертуді жоспарлай аламыз, өтірік өлең құрастыруды үйрену.
(Ж.Т)Өтірік өлеңді оқы. Жуан айтылатын сөздерді анықта.
Алыс ұзақ сапарға
Ұшақ мініп барамыз
Көзді ашып жұмғанша
Зулап жетіп барамыз
Аспан асты , бұлт түсті,
Әрі бері жүйткиміз
Біз шарлаған әлемді
Армансүйгіш туристпіз.
-Балалар «Көзді ашып-жұмғанша», «әлемді шарлаған» «әрі бері жүйткиміз» деген сөздерді қалай түсіндіңдер?
-«Армансүйгіш» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-«Турист»- деген сөз қандай мағына береді?
Өлеңдегі оқиға шындыққа жанасқан ба?
Шын оқиға болса, қандай дәлел келтіресіңдер? Енді осы өлеңге назар аударыңдаршы.
Өлең сөздерін ауыстырып өтірік өлең құрастырып көрейікші.
Өлеңнің бірінші шумағын өзгертіп көрсету.
Алыс, ұзақ бұлттарға,
Тышқан мініп бәріміз.
Көзді ашып жұмғанша,
Асықпай жетіп аламыз.
(Ж.Қ) Енді осы өлеңді өздерің өзгертіп көріңдерші.
Өзіңнің жазғаныңды жаныңдағы жұбыңмен бөліс.
-Қандай өзгерту енгіздің?
-Құрастырған өлең қызықты болды ма?
-Жұмысыңа тағы өзгерту енгізгің келе ме?
-Құрастырған өтірік өлеңде қандай дауыссыз дыбыстар бар?
-Олар қалай айтылып тұр? Себебін түсіндір
Өтірік әңгімемен таныстыру.
Мақтаншақ бақа
Мақтаншақ бақа 2 сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін.Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Ана тілі сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты -жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша, білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда.
Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті.Минутына 144 сөз оқыған аққу,110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді.Барлық оқушылар оларға қызыға қарады.Мақтаншақ бақа «Мен кеткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағада бірінші орын менікі»- деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?
Өзің туып өскен жерге саяхат жасауды жоспарла.Жоспардың жол бағытын саяхат сәтінде ұсынылатын қызмет түрін көрсет.
баруға болатын ерекше орындардың тізімін жаса......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]