Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Тасымал (1 сынып, 5 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Хат жазу. Тасымал
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж4 Өз ойынан мәтін жазу
Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары: 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ, МК) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ұйымдастыру кезеңін өткізу. ОМ хабарлау.
(МК,Т) Құттықтау хат үлгілерінің бірнешеуін оқушыларға көрсету. Мұндай хаттарды қайдан көргендерін, не үшін қажет екенін сұрап, өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.
Өздігінен құттықтау хат құрастырып жазуға үйретуді құттықтау хат құрылымымен таныстырудан бастау.
Кімді құттықтайсың? Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары.
Не үшін құттықтайсың? Сіздерді мұзайдынының ашылуымен құттықтаймын.
Жақсы тілек Мұзайдыны балаларға қызықты демалыс сыйласын!
Құттықтаған адам Ізгі ниетпен Марат Саматұлы
Кестемен жұмыс жасау барысында лепті сөйлемге ерекше назар аударту. Бұл сөйлемнің ерекшелігін естеріне салу.
Құттықтау хаттың бөліктерімен жұмыс істеп, бірнеше мысал келтіруді сұрау. Топтық жұмысты ұйымдастыру. Әр топты ауызша құттықтау дайындауды сұрау.
1-топ – анаға;
2-топ – бауырына;
3-топ – досына;
4-топ – көрші балаға.
Оқушыларға тірек сөздер беріп, қолдау көрсету.
1. Қуаныш иесі, қала тұрғындары, оқушылар.
2. Қадірлі, құрметті, аса қадірлі, қымбатты.
3. Тез жету, аман болу, қызық сапар, денсаулық.
4. Шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден, тілек білдіруші.
Оқушылардың айтылымдарын тыңдау.
Сергіту сәтін өткізу:
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Хат жазу дағдыларын сұрақ қою арқылы бекіту.
1. Құттықтауды неден бастау қажет?
2. Содан соң не жазылады?
3. Қандай тілектер жазылады?
4. Хат немен аяқталады?
(Ө) Оқушылардың өздігінен хат жазуын сұрау. Қабілеті төмендеу оқушыларға қолдау көрсету.
(Т,Ө) Оқушылар өз жазғандарын қасындағы көршісімен айырбастап, бірінікін бірі оқиды, топтың басқа мүшелерімен бөліседі. Бір бірінің қатесін, құрылымын тексереді. Соңында жұмысы өз қолына тиген соң соңғы түзетулер енгізеді. Оқушылар парақтың жиегіне түрлі-түсті қарындашпен белгі салып отырады.
Жасыл – қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін.
Көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін.
Оқушылардың белгілерін қарап шығып, қойған белгілеріне байланысты әрекет ету.
Түзетулер жасалынғаннан кейін таза бетке көшіруді сұрау. Күрделі тапсырманы ойынға айналдырып қызықтыру мақсатында құттықтау хатты жазып болған соң, түрлі-түсті қағаз, желім таратып, конверт жасатып, ішіне өздері жазған хатты салып, сынып бұрышына хат салатын қорапқа салуды ұсыну.
Жұмысты ерте аяқтаған оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Саяхат сәттері (1 сынып, 5 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Ойын ережесін құру (1 сынып, 6 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

Іздеп көріңіз: